Жаңалықтар

Тараздық тұрғыннан 190 келіге жуық каннабис тәркіленді

Тараздық тұрғыннан 190 келіге жуық каннабис тәркіленді
Фото: © Polisia.kz 28.07.2023 15:11 955

Жамбыл облысының Шу ауданында Тараз қаласының 31 жастағы тұрғыны жабайы қарасора дайындау кезінде ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Polisia.kz мәліметінше, Алға ауылының «Қақпақты» учаскесіндегі құмды аймақта ұсталған азамат жабайы қарасора жинап, 4 қапқа салған. Сондай-ақ орылған қарасора қалдықтары бар орақ табылды.

Тәркіленген зат жалпы салмағы 189 келі 940 грамм болатын каннабис есірткі заты екені расталды.

Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу ауданының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Бұл бап мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді, – деп хабарлады ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға