Жаңалықтар

Тараздық дәрігерлер 54 жастағы ер адамды құтқарып қалды

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті
Тараздық дәрігерлер 54 жастағы ер адамды құтқарып қалды
Фото: @DenMinPR 29.01.2023 19:20 1458

Тараз қалалық көпбейінді ауруханасына іштің қатты ауыруы мен әлсіздігі бар 54 жастағы ер адам емдеуге жатқызылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Оның айтуынша, ол 4 күн бойы ауырған. Осыған қарамастан медициналық көмекке жүгінген жоқ. Ақырында, қатты ауырсынудан кейін ер адамды жедел жәрдем бригадасы ауруханаға жеткізді.

Хирургиялық бөлімшенің меңгерушісі, лапароскопия бойынша тәжірибелі және білікті маман Ғабиден Рахымжановтың бастамасымен хирург дәрігерлер Бекташ Дүрсінов пен Әлімбек Бекнұр компьютерлік томография жүргізді. Суреттерде келіп түскен науқастың іш қуысында тұрып қалған тіс тазалағыш табылды.

«Бөгде затты алып тастау» әдісі бойынша шұғыл лапароскопиялық операция жасалды. Операция кезінде ұзындығы 4 см және диаметрі 2 мм ұзын жіңішке ағаш таяқша алынды. Сәтті жүргізілген операциядан кейін науқас есін жиып, бірнеше күн бұрын қазы жегенін айтты. Ол етпен бірге тіс тазалағыштың өңешке түскенін байқамаған болуы керек.

Қыс мезгілі «согым» болғандықтан, дәрігерлер ет жеген кезде өте сақ болу керектігін ескертеді. Сондай-ақ айқын ауырсыну белгілері бар болған кезде уақтылы медициналық көмекке жүгіну маңызды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға