Жаңалықтар

Таразда жүкті келіншектің басына бағдаршам құлады

Таразда жүкті келіншектің басына бағдаршам құлады
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 14.11.2023 10:01 908

Тараз қаласында басына бағдаршам құлаған келіншектің миы шайқалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Бағдаршамға жол ережесін бұзған көлік соғылып, ол жанында тұрған әйелдің басына түседі. Ал жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Оқиға қаладағы көлік көп жүретін көшелердің бірінде орын алып, бақылау камерасына түсіп қалған. Көп уақыт өтпей, полиция қашып кеткен жүргізушіні ұстаған. Көлік айып тұрғанына қойылып, жүргізушіге екі айыппұл салынып отыр.

Басына бағдаршам түскен 2002 жылғы келіншек ауруханаға түсті. «Ми шайқалу» диагнозы қойылып, нейрохирургиялық бөлімшеге жатқызылды. Маңдай аймағының тері астында гематома пайда болдыы. Отасыз толық жазылады, – деп мәлімдеді Тараз қаласындағы көпсалалы аурухана бас дәрігерінің орынбасары Сәкен Жұмашев.

Қазіргі уақытта науқастың жағдайы орташа.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға