Таразда жерасты газ құбыры жарылды

Фото: instagram.com/taraznews.kz
Фото: instagram.com/taraznews.kz
23.06.2024 01:22
746
Таразда Қарасу ауданындағы көпқабатты үй маңында жойқын газ жарылысы болды. Зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ, деп хабарлайды @taraznews.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Жамбыл облыстық ТЖД мәліметінше, жер астындағы газ құбыры жарылған.
Жарылыс 5-ші шағынаудандағы №26 үйдің жанында болды. Оқиға орнында бес құтқарушы, екі техника, сондай-ақ Апаттар медицинасы орталығының төрт қызметкері жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлады департаменттен.
Оқиғаның себебі анықталуда.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бөлісу:
