Таразда жалдамалы пәтерден екі әйелдің денесі табылды
![Таразда жалдамалы пәтерден екі әйелдің денесі табылды Таразда жалдамалы пәтерден екі әйелдің денесі табылды](/storage/storage/element/2024/11/08/mainphoto/129164/1200xauto_w28lLLcRigXs60EuYIKwOvOM21U4ABwlEctxt72t.jpg)
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
08.11.2024 18:38
8309
Тараздағы жалдамалы пәтерлердің бірінен зорлық белгілері бар екі әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қайтыс болған әйелдер Алматы мен Тараз тұрғындары. Олардың денесінен зорлық-зомбылық іздері анықталған.
Жамбыл облысының Полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Адам өлімі фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы мен Жамбыл облысының Полиция департаментінің басшылығы барды, - деді полиция.
Оқиғаның мән-жайын анықтау және күдіктіні ұстау үшін барлық қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Алдыңғы жаңалық
Елімізде ерінбеген адамға жұмыс көп – 4 тіл білетін күзетші