Жаңалықтар

Таразда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Таразда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
30.05.2019 10:42 2724
31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы және Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі солақай саясаттың зардабын тартқан құрбандарды еске алып, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Ғылыми-тәжірибелік конференция барысында Қазақстанға 1930-40 жылдары этнос және этникалық топтардың депортациялау мәселелерін талданып, негізделді, жер аударылған халықтардың тарихын зерделеудегі жаңа тәсілдер қарастырылып, зерттеушілер оның көптеген саяси, әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, философиялық, адамгершілік аспектілерін пәнаралық байланыс тұрғысынан қарастыруға мүмкіндік алды.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға