Таразда қару-жарақ жасырылған орын табылды

Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz
27.03.2023 15:56
1352
Жамбыл облысы ПД-нің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел ақпаратты жүзеге асыру барысында арнайы іс-шаралар жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жедел-іздестіру жұмыстары кезінде темір жол желісі маңынан полиэтилен пакеттегі 12 калибрлі ИЖ-18ЕМ бір ұңғылы шолақ мылтық, “Полиция” деген жазуы бар қорғаныс кеудешесі тәркіленді.
ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Астанада құрылыс қалдықтарын қабылдау алаңы іске қосылды
Келесі жаңалық
Ақтөбеде ер адам тереңдігі 3 метрге жуық құдыққа құлап кетті