Жаңалықтар

Таразда прокурор нанға қақалып өлді

Таразда прокурор нанға қақалып өлді
Фото: pixabay.com 11.07.2024 13:50 1827

Таразда аға прокурор Сергей Налыгачев қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 2024 жылғы 30 маусымда болған. Налыгачев кафеге досымен бірге барған. Даяшы әкелген нанды жеп, шашалып қалған. Жедел жәрдем жеткенше, көз жұмған.

Сергей Налыгачев 20 жылдан астам Жамбыл облысының прокуратурасында түрлі лауазымдарда қызмет етті.

Жамбыл облысының прокуратурасы отбасы мен жақындарына көңіл айтып, марқұм прокурордың отбасына моральды және материалды қолдау көрсетуге уәде берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға