Таразда пластикалық бұйымдар шығаратын цехта өрт болды

Фото: ҚР ТЖМ / Видеодан алынған кадр
Фото: ҚР ТЖМ / Видеодан алынған кадр
23.02.2025 20:06
823
ТЖМ құтқарушылары өрттен 15 газ баллонды алып шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін Тараз қаласындағы пластикалық бұйымдар шығаратын цехта өрт оқиғасы болды. ТЖМ мәліметінше, қызыл жалын 15 шаршы метр алаңды шарпыды.
Өрт сөндірушілер жедел түрде оқиға орнына жетіп, 100 литрлік 15 газ баллонын қауіпсіз жерге шығарып, өрттің таралуына жол бермей, толығымен сөндірді, - делінген мәліметте.
Өрт салдарынан жану өнімдерімен уланған 1972 жылы туған ер адамға Апатттар медицина орталығының мамандары көмек көрсетті. Зардап шегуші ауруханаға жатудан бас тартты.
Бөлісу:
