Таразда пәтерден өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды

Фото: Pixabay.com
Фото: Pixabay.com
21.10.2024 09:06
1037
Жамбыл облысында пәтердегі өрт кезінде 10 тұрғын эвакуацияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, Тараз қаласында төртқабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерде 2 шаршы метр алаңда өрт болды.
Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 10 тұрғынды, оның ішінде 2 баланы баспалдақ маршымен эвакуациялады. Құтқарушылар өртті толығымен сөндірді, - делінген мәліметте.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды, жағдайды өртке жеткізбеуді сұрайды.
Бөлісу:
