Жаңалықтар

Таразда пәтер сатып алмақ болған тұрғын алаяқтың құрбаны болды

Таразда пәтер сатып алмақ болған тұрғын алаяқтың құрбаны болды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 31.10.2023 13:34 754

Таразда пәтер сатып алмақ болған тұрғын алаяқтың құрбаны болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тараз қаласы полиция басқармасына жергілікті тұрғын өтініш білдірді. Ол облыс орталығының Химпоселок ауданында пәтер сатып алу үшін алдын ала 1 миллион 650 мың теңге төлемдi бейтаныс әйелге бергенiн хабарлады. Алайда көрсетілген соманы алғаннан кейін әйел байланысқа шығуды тоқтатқан. Сондай-ақ бұл пәтер оған тиесілі емес екені белгілі болады.

Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігімен (Алаяқтық)сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 48 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды. Әйел кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға