М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде Қазақстандағы алғашқы «Менделеев сыныптары» жобасының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.
«Менделеев сыныптары» жобасы М .Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті және «ҚазФосфат» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы үшжақты келісім аясында жасалып отыр.
Жобаның негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының химия саласы үшін болашақ кадрларды даярлаудың барлық кезеңдерінде химия мен математиканы оқыту деңгейін арттыру. Жобаны іске асыру 3 бағыт бойынша, яғни білім-ғылым-өндіріс бойынша жүзеге аспақ.
"Менделеев сыныптары" білім беру жобасы жалпы білім беретін мектептердің 10 және 11 сынып оқушыларына арналған және химия мен математика бойынша оқу бағдарламаларын тереңдетіп оқытуды көздейді.
