Жаңалықтар

Таразда лауазымды қызметкерлердің төбелесі кісі өлімімен аяқталды

Таразда лауазымды қызметкерлердің төбелесі кісі өлімімен аяқталды
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 21.11.2023 09:35 922

Таразда төтенше жағдайлар департаментінің лауазымды қызметкерлері төбелесіп, соңы кісі өлімімен аяқталды, - деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Оқыс оқиға жұма күні таңертең қонақүй маңында болған. Әлеуметтік желіде тараған видеода ер адамның қатты соққыдан құлағаны анық байқалады. Соққыға жығылған адамжедел жәрдем келгенше қайтыс болған. 

Кейін марқұмның төтенше жағдайлар департаментіне қарасты өрт сөндіру және құтқару қызметінің бөлім басшысы екені белгілі болды. Ал ұрған ер адам №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің басшысы екен. Әріптесін ұрып өлтірген күдікті ұсталып, қылмысын толық мойындаған. 

Осы оқиға бойынша тәртіп сақшылары да, төтенше жағдайлар департаменті де ақпарат беруден бас тартып отыр. Айта кетейік, қаза болған подполковниктің артында алты баласы әкесіз қалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға