Жаңалықтар

Таразда криптовалютадан қаржы өндіріп берем деген алаяқ анықталды

Таразда криптовалютадан қаржы өндіріп берем деген алаяқ анықталды
Фото: polisia.kz 31.01.2023 15:15 1270

Таразда криптовалютадан қаржы өндіріп берем деген алаяқ анықталды, – деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

28 қаңтарда Тараз қаласы полиция басқармасына 45 жастағы Т.Рысқұлов ауданының тұрғыны хабарласып, 2022 жылдың көктемінде бөтен әйелдің криптовалюта қоржыны арқылы қомақты қаржы табуға көмектесем деп алдап, 645 мың теңге көлемінде ақшасын иемденіп кеткені туралы арызданды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар Тараз қаласының 49 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды.

Ұсталған күдікті кінәсін толық мойындады. Оған қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қазіргі уақытта күдіктінің осы мазмұндағы өзге де алаяқтық деректеріне қатыстылығы анықталып жатыр.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға