Жаңалықтар

Таразда кәріз-тазарту құрылысын салу жоспарлануда

Таразда кәріз-тазарту құрылысын салу жоспарлануда
Фото: gov.kz 07.08.2023 06:29 1369

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Тараз қаласының кәріз-тазарту құрылыстарын салу мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Басқосуға «Жамбыл су» МКК, «Метаг Холдинг» АҚ өкілдері мен бейнеконференция-байланыс режимінде Еуропалық қайта құру және даму банкі, «CEST Consulting» ЖШС, «PricewaterhouseCoopers (PwC)» ЖШС өкілдері қатысты.

"Жамбыл су" МКК ақпараты бойынша, қолданыстағы облыс орталығының сүзу алаңдары 1963 жылы іске қосылған, оған тәулігіне 75-80 мың текше метр қалдық су түсуде.

Жергілікті бюджет есебінен 2022 жылы 217,07 гектар алқапта орналасқан қолданыстағы сүзу алқаптарына тағы 20 гектарды құрайтын 12 карта қосылған.

Қазіргі таңда сарқын суларды тазарту мәселелерін шешу үшін жаңа құрылыстың жобасы әзірленуде.

Жобаның қуаттылығы тәулігіне 100 000 текше метрді құрайды.

Аймақ басшысы бұл бағыттағы мәселелерді шешуге кешенді көзқарас қажет екендігін атап өтті.

Кәріз-тазарту құрылыстарын салу жобасы - ең маңызды жобалардың бірі. Оған мүдделі тараптардың жол картасы бекітілді. Біздің ортақ міндетіміз - аталған жол картасы аясында іс-шараларды уақытылы әрі сапалы жүзеге асыру, - деді Нұржан Нұржігітов.

Кеңес барысында жобаны қаржыландыру, қалдық суларды тазарту және көлемін азайту бойынша заманауи технологияларды енгізу мәселелері талқыланды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға