Таразда екі әйелді өлтірген күдікті қолға түсті
Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
10.11.2024 08:40
675
Жамбыл облысында екі адамды өлтірді деген күдікпен 28 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жедел тергеу іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұрын ол сотталмаған. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр.
Қайғылы оқиға болған жалдамалы тұрғын үйдің иесі жеке тұлғалардың тіркеусіз тұруына рұқсат бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полицияға көршілерден бұл пәтерге қатысты шағым түскен жоқ, – деді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.
Айта кетейік, бұған дейін Таразда жалдамалы пәтерден екі әйел өлі табылған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада қар тазалауға 600-ден аса арнайы техника жұмылдырылады