Таразда блогер қылмыстық топтың жетекшісі болып шықты
Таразда ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті тұрақты түрде әрекет еткен қылмыстық топты анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қылмыстық топтың жетекшісі соңғы кездері өзін қоғам белсендісі ретінде көрсетіп, жастарды тәрбиелеу жөніндегі патриоттық қозғалыстың атын жамылып "қайырымдылық қоғамдық қорын" құрған.
Ол өзінің қылмыстық беделін "әділеттілікті жақтаушы" блогер имиджін түбегейлі өзгертіп, әлеуметтік желілерде белсенді бола бастаған.
Өз қорына ерікті жарналар түрінде қылмыстық "қамқорлығы" үшін кәсіпкерлерден ақша бопсалап отырған. Бұған келіспегендерге күш қолданған.
Полицияға топтың тоғыз мүшесі жеткізілді, 20-дан астам тінту жүргізіліп, «қаңтар» оқиғасы кезінде облыстық полиция департаментінен ұрланған «Калашников» автоматы, екі «Макаров» тапаншасы, мылтық, травматикалық тапанша мен басқа да суық қару тәркіленді, - делінген ақпаратта.
Сонымен қатар қылмыстық топтан екі келіден астам есірткі тәркіленді.
Қылмыстық топқа қатысушыларға қатысты бопсалау, қару мен есірткіні заңсыз сақтағаны үшін 12 қылмыстық іс қозғалды.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр.