Жаңалықтар

Таразда әз-Наурыз мерекесі кең көлемде атап өтілді

Таразда әз-Наурыз мерекесі кең көлемде атап өтілді
Фото: Жамбыл облысының әкімдігі 22.03.2024 05:34 650

Жамбыл облысында жақсылық пен молшылықтың мерекесі – әз-Наурыз дәстүрлі түрде кең көлемде аталып өтілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл күні орталық алаңға жиналған Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына «Арма, әз-Наурыз» мерекелік шарасы аясында ұлттық ойындар, қысқаша мазмұнды театрландырылған қойылымдар және облыс өнерпаздарының концерттік бағдарламалары ұсынылды.

Сонымен қатар, осы күні орталық алаңда ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, ұлттық тағамдар әзірленіп, тұрғындар наурыз көжеден дәм татты. Бұдан бөлек, ұлттық спорттың садақ ату, арқан тарту, асық ату, ләңгі тебу, қол күресі, қой көтеру және тоғызқұмалақ сынды ойын түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.

Әз-Наурыз – ізгілік пен жақсылыққа үндейтін, достық пен келісімді нығайтатын жалпыхалықтық мереке. Бұл күн – халқымызды татулыққа шақыратын береке-бірліктің символы. Ұлыстың ұлы күні ұлттық дәстүріміз ұлықталып, ұлтаралық достық, қонақжайлық салты дәріптеледі. Халқымыз бұл уақытты жыл басы, жаңа күнге балап, ізгі ниетпен қарсы алады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биылдан бастап елімізде Наурыз мерекесі жаңаша сипатта аталып өтуде. Наурызнаманың жаңа тұжырымдамасы бойынша өңір-өңірлерде әр күннің тақырыбына сай мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бауырлас елдердің ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған форумның еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайына айтарлықтай оң серпін береріне сенім мол. Ұлыстың ұлы күні қазақ халқы үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Баршаңызды әз-Наурыз мерекесімен құттықтай отырып, еңбектеріңізге табыс, отбастарыңызға бақ-береке тілеймін, - деді облыс әкімі.

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға