Жаңалықтар

Таразда автобус жүргізушісі мас күйде жолаушыларды тасымалдаған

Таразда автобус жүргізушісі мас күйде жолаушыларды тасымалдаған
Фото: Видеодан кадр 20.01.2025 20:00 115

Бүгін 19 қаңтарда Тараз қаласы көшелерінің бірінде маршруттық автобус жүргізушісінің күмәнді әрекеті патрульдік полиция қызметкерлерінің назарын аудартқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тексеру кезінде 47 жастағы жүргізушіден өткір алкоголь иісі шыққан. Полицейлер оның мас күйінде болуы мүмкін деп күдіктеніп, медициналық сараптамаға жіберді. Медициналық тексеру автобус жүргізушісінің орташа деңгейде мас күйінде болғанын  растады. 

Жиналған материалдар сотқа жіберіліп, автобус арнайы айып тұрағына қойылды. Жолаушылардың өміріне қауіп төндірген жүргізуші әкімшілік қамауға алынды. Ол 7 жылға дейін жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін,-деп атап өтті полициядан.

Айта кетсек, өңірде «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері жолаушылар тасымалы жүргізушілерінің 853 жол ережесін бұзу дерегін анықтады. Оның ішінде 11 жүргізуші автобусты мас күйінде басқарған. Барлығы 69 жолаушы көлігі айып тұрағына қойылды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ (@zhambyl_police)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға