Жаңалықтар

Таразда әскерилер Ұлы Отан соғысының ардагерін Наурыз мейрамымен құттықтады

Таразда әскерилер Ұлы Отан соғысының ардагерін Наурыз мейрамымен құттықтады
Фото: Қорғаныс министрлігі 23.03.2025 18:45 978

Таразда "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Ержан Ыбыраев Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Федорович Макеевті Ұлыстың ұлы күні мерекесімен құттықтады. Генералмен бірге майдангер үйіне "Оңтүстік" ӨңҚ әскери оркестрі келіп, құттықтау сәті музыкалық сүйемелдеумен өтті.

Иван Федорович арнайы келіп қуантқандарына дән риза болды. Ардагердің айтуынша, ол әскери қызметшілерден Жеңіс күніне жақын құттықтау күткен еді, алайда наурыз қарсаңындағы музыкалық құттықтау тосын әрі әсерлі сыйлық болды.

Ардагерлерімізге ризашылық білдіріп, олардың көңіл-күйін көтеру үшін кез келген мерекеде келуге әрқашан дайынбыз. Олардың ерлігі — жауынгерлік рухымыздың және Отанға деген адалдығымыздың негізі, – деп атап өтті генерал-майор Ержан Ыбыраев.

Әскери оркестр ардагердің сүйікті әуендерін орындап, нағыз мерекелік көңіл-күй сыйлады. Иван Федорович пен оның қызы Ольга әскерилерге жылы лебіздері мен арнайы іздеп келгені үшін алғыс айтып, мұндай кездесулер ардагерлер үшін ерекше маңызды екенін атап өтті.

Әскерилер тек құттықтап қана келген жоқ, аға буынға құрмет көрсетудің маңыздылығын және ұрпақтан-ұрпаққа басты – мейірімділік, бейбітшілік пен жақындарына қамқорлық сынды құндылықтарды көрсете отырып, тарихи байланысты сақтау қажеттілігін еске салды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға