Жаңалықтар

Таразда Алғыс айту күні тойланды

Таразда Алғыс айту күні тойланды
01.03.2018 02:17 2337

2018 жылдың 1-наурызы Достық үйінде Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Алғыс айту күніне орай «Рақмет саған, Туған ел» атты кешенді мерекелік іс-шара атқарылды.  

Алғыс айту күні үшінші рет атап өтілетін болғандықтан, мәдени, этностық, тілдік және діни әралуандыққа негізделген қазақстандық құндылықтарды бейнелеуі тиіс мерекенің негізгі арқауын айшықтау маңызды болып табылады.

Іс-шараға Талас облысы, Қырғызстан Республикасынан келген қонақтар, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесі мен облыстық  Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен өкілдері, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар мен Ақсақалдар кеңесі, «Ақ желкен» жастар лигасы, облыстық Ұлы Отан соғысының ардагерлер Кеңесі,  журналистер клубы, БАҚ өкілдері, сондай-ақ Жамбыл облысының халқы қатысты.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың   2016 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығына сәйкес 1 наурызда елімізде Алғыс айту күні атап өтіледі. Бұл күн этносаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін, жалпыхалықтық институт – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні.

Мемлекет басшысының 2018 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Еліміздің әлеуметтік-экономикалық табыстарының негізі – біздің басты құндылықтарымыз ретінде қала беретін азаматтық бейбітшілік, ұлтаралық және конфессияаралық келісім» деп атап көрсеткені тегін емес.

Алғыс айту күні–біздің ортақ тарихымызды құрметтеудің белгісі, әр алуан ұлт өкілдерінің өз Отанына айналған киелі қазақ жері мен кеңпейілді қазақ халқына терең тағзымның белгісі.

Бүгінгі таңда бұл мереке – барлық қазақстандықтар үшін қайырымдылықтың, достық пен бірліктің жарқын үлгісі, ел азаматтарының ынтымағын арттыруға ықпал ететін мереке. Алғыс айту күні – Қазақстанда бейбітшілік пен келісім саясатының салтанат құруының айғағы. Сындарлы саясаттың арқасында елімізде жалпыұлттық бірліктің бірегей үлгісі қалыптасты, оның арқауы  Қазақстан халқы Ассамблеясы болып табылады.

Мереке бауырлас облыстардың бірі, көршілес жатқан Қырғызстан Республикасы Талас облысының қонақтарын қарсалудан басталды.  ЭМБ-ң төрағалары және  ҚХА мүшелері келген қонақтарды «Айша бибі» шекарасынан сән-салтанатпен күтіп алып, Достық үйіне алып келді. Келе сала ғимаратта делегаттарды облыс әкімі Ерқанат Манжуов мен Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Маржан Қожаева қарсалды.

Ғимараттың 1-қабатында түрлі аспаптар көрмесі өтіп, әр ұлт өзінің ел арасында кеңінен танылған туындыларын орындап беріп, қонақтардың көңілін көтеріп, қонақжайлылықтарын  көрсетіп, кудис агеба, лягушка путешественница, опеши на ру, огород, кім күшті деп аталатын түрлі ойындар ойнатылды.

Содан соң қонақтар 2-қабатқа көтерілді. Бұл кезде онда көркемсурет, қылқалам шеберлерінің көрмесі өтіп жатты. Бұл көрме мерекенің сәнін келтірді. Мұнда мектеп оқушыларына арналған шеберлік сыныптары ұйымдастырылып, көрмеге қойылған бұйымдар арасында жеңімпаздар анықталды.

Сонымен қатар қатысушылар бүгін А.А. Раисова, Р.Р. Мусакулова, Т.А. Сералиев, У.С. Алтыбаева, Л.В. Сафонова, Г.А. Кошекбаева, Ш.М. Таванов атты облыстық судьялар, прокурорлар мен адвокаттар, нотариус қызметкерлері «Ашық есік күнін» өткізіп, оларға заң жүзінде мәселелерінің шешу жолдарын айтып, медиация кабинетінен тегін қызмет алды.

Бұл күні ең басты басымдық арнайы ұйымдастырылған «Рақмет саған, Туған ел!» атты концертке берілді. Сахна шымылдығын орыс драма театрының актерлері мен этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымы «Әжемнің әңгімесі» қойылымымен ашты. Көрініс желісі сонау депортация жылдары пана іздеген өзге ұлттардың басынан кешкендері, олардың қазақ еліне келіп, қоныс тепкендері туралы болды. Құшақ жая қарсалған әрбір қазақ халқына Алғыс айтып, көрініс арнайы дайындалған бейнероликпен жалғасты.

Ал жиынның ресми  бөлімінде сөз алған облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов көпшілікті мерекемен құттықтады.

- Біз, бір бұтақ болмасақ та, тамырымыз бір. Бұл мереке осымен үшінші жыл қатарынан жоғары деңгейде аталып өтуде. Мемлекет басшысы еліміздің басты байлығы мен басты жетістігі Қазақстанды мекендейтін халық пен этностардың достығы және бірлігі деп әрдайым айтып жүреді. Бұл мереке қазақстандықтардың жас буыны  өз елінің тарихын жадынан шығарып алмауы үшін, еліне деген махаббат пен сыйластық рухымен тәрбиеленуі үшін енгізілген,  - деп айтып өтті.

Сонымен қатар Қырғызстан Республикасы, Талас облысының делегаттарын бастап келген Талас облысы губернаторының орынбасары Азият Жарқыналиева жүрекжарды лебізін білдірді.

-Ешбір мемлекетте тойланбайтын Алғыс айту мерекесі мен көктемнің алғашқы күнінде Тараз қаласына келіп, осындай тамаша бірлік пен татулықтың куәсі болғанымызға  ризамыз,- деп құттықтау сөзін айтып өтты.

Бұдан ары концерттік бағдарлама Жамбыл облыстық филармониясымен, «Балалар-жасөспірімдер орталығымен»,  «Гунча», «Үкілім-ай», «Эдельвейс әнші, бишілерімен жалғасып, қонақтарға керемет көңіл-күй сыйлады.

 Достық үйінің ауласында «Жасыл ел – таза қала» акциясы өтіп, көршілес елдің делегаттары тал отырғызды.

Бұдан әрі мереке соңында қонақтар үшін  Тараз қаласының көрікті жерлеріне экскурсия ұйымдастырылып, қонақтар Көне Тараз кешені, Айша бибі мен Қарахан кесенелері, Жәнібек және Керей хан Тәуелсіздік мемориалы,  ҚР Тұңғыш Президентінің саябағы бағыттары бойынша экскурсия жасады.

 

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға