Таразда 4 млн теңгеден астам алименттен жалтарып жүрген әкеге қатысты тергеу басталды
Фото: Жамбыл облысының прокуратурасы
Фото: Жамбыл облысының прокуратурасы
14.10.2024 19:37
403
Жамбыл облысында 2019 жылдан бері дәлелді себептерсіз 4 млн теңгеден астам алимент төлемей жүрген борышкер анықталды. Бұл факт Тараз қаласының прокурорлары талдау жұмыстарын жүргізу кезінде белгілі болған, деп хабаралйды El.kz ақпарат агенттігі.
Сот шешімін тиісінше орындамағаны үшін борышкер бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған да екен.
Қала прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.
Ведомство дерегінше, 2024 жылдың өткен кезеңінде қала прокуратурасы 30 борышкерді әкімшілік жауапкершілікке тартып, 41 млн теңге көлемінде алимент берешегі өндірілген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда Арменияның мәдениет күндері өтеді