Жаңалықтар

Таразда 15 жастағы қыз өгей әкесінен бала туды

Таразда 15 жастағы қыз өгей әкесінен бала туды
Фото: El.kz/Артем Чурсинов 09.02.2025 17:20 528

Таразда 15 жастағы жүкті қыз облыстық перинаталдық орталыққа жеткізілген соң, бірден полицияға хабар түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қыздың 54 жастағы өгей әкесі бірден күдікке ілінген. Ерлі-зайыптылардың үш қызы бар.  Оның біріншісі өзге некеден, ал екіншісі туған қызы. Алматыда ДНҚ-ның тәуелсіз сараптамасы ер адамның әкелігін растады. 

Полицейлер Қылмыстық кодекстің 122-бабының 3-бөлігі бойынша (өгей әкесі жасаған он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттер) іс қозғады. 

Өгей әкеге 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға