Тараз арулары
Дəқиқи – Əбілмəнсүр Мұхаммед ибн Ахмад Дəқиқи – Самандар билік еткен дəуірде өмір сүрген ақындардың бірі. Дəқиқи – проза түрінде жинақталып жазылған «Шаһнаме Əбілмəнсүрді» тұңғыш рет жырлаған ақын. Дəқиқиден кейін Фирдауси аталмыш прозалық «Шаһнамені» жəне басқа да қариялардың айтқан аңыздарын негізге ала отырып, əлемге əйгілі өз «Шаһнамесін» жырлаған болатын. Дəқиқи оныншы ғасырда дүниеге келген. Өзінің ұстанған діні зəрдөш діні болған. Жастық шағында жалындап көзге түскен оны өз нөкерінің бірі қазаға ұшыратты. Дəқиқи өз жырларында саман патшалары мен Чəғани əмірлерін шалқыта жырлап мадақтаған. Қасида, ғазал, қита жанрларында өз заманында зор шеберлік танытқан. Оның ең үздік шығармасы – «Шаһнаменің» бір бөлігі «Гоштасб наме» болатын. Онда Гоштасб патшаның билігі хақында жəне Зəрдөштің пайда болуы, Гоштасб пен Аржасб арасында болған діни қақтығыс жайында мол дерек беріледі. Дəқиқидың əр түрлі өлең жанрларында аса алғырлығы мен нəзіктік əрі ой озықтығын байқатқаны үшін Фирдауси оны аса жоғары бағалап, «тілі оралымды, баяндауы жеңіл, сөзі айқын ақын» деп мақтаған болатын. Мұндай зор мақтау бағасының Фирдаусидай классиктің аузынан берілуі Дəқиқи ақын мұрасының əлемдік мəні бар рухани құбылыс екенін айғақтай түседі. Дəқиқидың кейбір қасидалары, көбінесе, өзге ақындар арасында ақындық өнердің үлгі алар өнегесі ретінде парсы ақындарының назарында болған.
Дəқиқидің өзге Иран шайырлары сияқты Тараз аруларын жырына арқау етуі осы сарынның парсы ақындарының махаббат лирикасында өзекті орын алуының сырын, себебін терең танығандықтан деуге болады:
БЕТ БҰРҒАНДА ҚАҒБАҒА ҚАРАЙ БАРЛЫҒЫ ТАРАЗ БЕНЕН ШЫНДАҒЫ СҮЙІКТІСІ ЖҮРЕГІНДЕ ЖАҢҒЫРДЫ
Əнвəри – Оуһəдеддин Мұхаммед ибн Əнвари XII ғасырда өмір сүрген ирандық ақын əрі данышпан тұлға ретінде танымал болған. Өйткені ол өз заманының əдебиет, хикмет, философия, математика жəне астрономия салаларында терең білім алған еді. Осы жан-жақты білімінің арқасында Ибн-Сина сынды ұлы ойшыл-ғалымның дүниетанымына еліктеп, оны рухани жауларынан қорғауға бар күш-жігерін сала əрекет еткен. Ақын Селжүктердің соңғы ұлы патшасы сұлтан Санжарды (1117-1157 ж.) өлеңдерінде мадақтап жырға қосқан. Алайда сұлтан қайтыс болған соң Хорасанға билік ете бастаған Ғүз əмірлерін қасидаларына арқау етіп, оларды жан-жақты насихаттап, мадақ жырларын жазды. Зерттеушілер ақынның қайтыс болған жылын шамамен 1187 жыл деп көрсеткен.