Тараз қалалық полиция басқармасының 2 қызметкері ұсталды
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ
11.04.2024 19:35
664
10 сәуірде Жамбыл облысы бойынша ҰҚК департаменті Полиция департаментінің жеке қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп Тараз қаласы полиция басқармасының көші-қон қызметінің екі қызметкерін ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Олар заңсыз келген шетел азаматтарына жалпы қамқорлығы үшін 500 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.
Ұсталған адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Атырау маңындағы Аспа ауылында дамба салынып жатыр
Келесі жаңалық
Қостанайда сырғанақ кезінде бес бала ауруханаға түсті