Жаңалықтар

«Тараз» Бахтиер Зайнутдиновтің трансферінен қанша пайда тапты?

«Тараз» Бахтиер Зайнутдиновтің трансферінен қанша пайда тапты?
Фото: instagram.com/besiktas 22.08.2023 14:46 828

«Бешикташ» Зайнутдинов үшін Мәскеудің ЦСКА клубына 4,5 миллион еуро төледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ФИФА регламенті бойынша, футболшы ақшаға ауысқан кезде арнайы төлемдер қарастырылған: 21 жасқа дейінгі ойыншы ауысса – 4 процент, 21 жастан асса – 5 процент. Бұл төлемдер футболшы 12 жастан 23 жасқа дейін өнер көрсеткен клубтарға аударылады.  

Қазір Зайнутдиновтің жасы 25-те. 23 жасқа дейін ол «Тараз», «Астана», «Ростов» клубтарында ойнады, енді осы аты аталған клубтардың барлығы қомақты қаражат алады.

4,5 миллион еуроның 5 проценті 225 мың еуроға тең. «Тараз» жүйесінде Зайнутдинов 19 жасқа дейін ойнады. Оның 12-ден 15 жасқа дейінгі даярлығы үшін 225 мың еуроның 5 проценті берілсе, 16 жастан 19-ға дейін сол суммадан 10 процент қажет болады.

«Таразға» берілетін төлем:

12 жас - 11 250 еуро
13 жас - 11 250
14 жас - 11 250
15 жас - 11 250
16 жас - 22 500
17 жас - 22 500
18 жас - 22 500
19 жас - 22 500

Қорытынды: 135 000 еуро

«Астанаға» берілетін төлем:

20 жас - 22 500 еуро

«Ростовқа» берілетін төлем:

21 год - 22 500 еуро
22 год - 22 500

Қорытынды: 45 000 еуро

ЦСКА-ға төлем:

23 жас - 22 500 еуро

ФИФА регламенті бойынша, клубтар төлемді өздері бақылауы керек, яғни «Тараз» «Бешикташқа» тиісті хат жолдауы қажет. Дегенмен үлкен клубтар мұндай мәселені ешкімнің ескертуінсіз-ақ өздері шешіп жатады. Ақша футбол федерациясының шотына аударылып, сонан соң федерация клубтарға жібереді.

Бір қызығы, «Тараз» Зайнутдинов үшін жалпы алғанда 245 мың еуро алды. Себебі Бахтиер «Бешикташқа» дейін «Астана» мен «Ростовта» ойнады. Елорда клубы «Таразға» 20 млн теңге төлесе (2018 жылғы 1 қаңтардағы курс бойынша 50 мың еуро), ЦСКА оны «Ростовтан» 2 млн еуроға сатып алды, тиісінше бұл келісімнен «Тараз» 60 мың еуро алды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға