Жаңалықтар

Тараз Дүниежүзілік қолөнершілер қалалары тізіміне енді

Бұл бастама елімізге шетел валютасының ағымын қамтамасыз етеді.
Тараз Дүниежүзілік қолөнершілер қалалары тізіміне енді
Фото: Тараз қаласының баспасөз қызметі агенттігі 06.10.2022 09:28 2933

Тарихы терең Тараз шаһарында өткен Халықаралық көрмеге алыс-жақын елдерінен 200-ден астам қолөнершілер жиналды, деп хабарлайды El.kz.

2000 жылдан астам уақыт бұрын құрылған қаланың қолөнершілік және туристік әлеуеті жоғары. Осы ретте әлем елдері арасында серіктестік қатынастарды дамыту бағытында Тараз қаласы Дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізіміне ресми түрде қабылданды. Тараз қаласы аталған тізімге енген Қазақстандағы алғашқы қала. Бұған дейін тізімге дүниежүзінің 59 қаласы енгізілген.

Тараз Дүниежүзілік қолөнершілер қалалары тізіміне енді

Экономикалық дамудың басым бағыттарының бірі ретінде туризм саласына үлкен мән берілуде. Ал Жамбыл облысында стандарттарға сай келетін 3435 тарихи-мәдени ескерткіштер бар. Оның 5-уі – халықаралық ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұра тізбесіне кірген. Ал 25-і – республикалық дәрежедегі және 698-і жергілікті маңыздағы ескерткіштер болып саналады. Ендігі қолға алынып жатқан бағыт халықтың кәсібін халықаралық әріптестік деңгейінде танымал ету. Келген қонақтар да қазақтың қолөнері мен қонақжайлылығына деген таңданыстарын жеткізді. Оларға арнап арнай 3 күндік инфотур ұйымдастырылған.

«Осындай кереметті көруге мүмкіндік туғанына қуаныштымыз. Барлығы жоғары деңгейде өтуде. Өзбекстан, Үндістан тағы да басқа мемлекеттердің қолөнершілерімен жиналып, қазақтың түрлі мәдениеті мен өзіндік стиліне таң-тамашамыз. Тарихи ескерткіштер тіптен көз жауын алады. Мұндай кереметті әрбір жан көру керек деп ойлаймын. Алдағы уақытта ынтымағымыз беки түседі деген сеніммен елімізге ораламыз», – деді Өзбекстаннан келген қолөнерші Зухра Ходжаниязова.

Тараз Дүниежүзілік қолөнершілер қалалары тізіміне енді

Таразда 78 қолөнерші болса, 30% ғана киіз өнімдерін шығарумен айналысады. Дегенмен де қаладағы ашылып жатқан орталықтарының барлығында дерлік қолөнер ұйымдары бар. Бұл қаланың өзіндік имиджі дейді туризм басқармасының басшысы.

«Жоғалған қолөнер түрлерін қайта жаңғыртып жаңарту арқылы біз елімізге туристтерді қызықтыра аламыз. Бұл дегеніміз – туристік имиджін көтеру болып отыр. онымен қатар халықаралық қолөнершілер қатарына кіру қаламызды әлемдік деңгейге танымал етеді, бұл өз кезегінде облысымызға туристер легін үлкейтпек, осының арқасында туристік салада жаңа жұмыс орындары ашылатын болады.  Бүгінге дейін Таразды тарихи қала, көне ескірткіштері бар қала ретінде таныса, ендігі қолөнершілер қаласы деп атайтын боламыз. Бұл да үлкен жетістік» – деді, Біржан Күзембеков.

Тараз Дүниежүзілік қолөнершілер қалалары тізіміне енді

Аталған тізімге кіруге өтініш шілде айының соңында берілген. Алайда бұл тізімде орын сақтап қалу үшін арнайы міндеттемелерді орындау қажет. Берілген жүктемелер орындалмаған жағдайда бірден тізімнен шығарылады.

«Кішкентай қаладан, үлкен үміт күтіп халықаралық тізімге енгіздік. Оңай болды және болады деп айта алмаймыз. Себебі. арнайы жабдықталған базаны құру оңай емес. Сонымен қатар олардың бағыттарының да саны көп бөлу қажет. Әрі ұрпақтар сабақтастығын бір деңгейде ғана ұстамай, жетілдіріп отыру да үлкен жұмысты талап етеді», – дейді Қазақстан қолөнершілер одағының төрағасы Айжан Бекқұлова.

Тараз Дүниежүзілік қолөнершілер қалалары тізіміне енді



Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға