Жаңалықтар

«Тақия мен бешпет кигізген». Блогер итінің туған күнін дүркіретіп тойлады

«Тақия мен бешпет кигізген». Блогер итінің туған күнін дүркіретіп тойлады
Фото: видеодан алынған кадр 26.11.2024 13:30 199

Papa Mailo есімімен танымал блогер Темірлан Тоспаев Майлыбек атты итінің туған күніне орай кеш ұйымдастырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіге жүктеген бейнежазбадан туған күн этностильде өткенін аңғаруға болады. Жабық кешке қазақтың ұлттық киімін киген қыздар шақырылған. Сонымен қатар иесі итке де қазақтың тақиясы мен бешпетін кигізіп қойған. Темірлан Тоспаев қайырымдылық кешінде жиналған 670 мың теңгені иесі жоқ жануарларды қолдауға жіберетінін айтты.

Желі қолданушылары ұлттық киімді итке кигізген блогердің әрекетін сынады. "Еріккен, ақшаң тасыса мұқтаждарға көмектес", "Ұлттық киімді мазақ етіпті", "Осылар білгенін істеп кетті" деп жазып жатыр. 

 
 
 
 
 
View this post on Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Темирлан Тоспаев (@papa_mailo)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға