Жаңалықтар

«Тапшылық, жалақының аздығы». Бектенов моноқалаларда адам саны неге азайып жатқанын айтты

«Тапшылық, жалақының аздығы». Бектенов моноқалаларда адам саны неге азайып жатқанын айтты
Фото: gov.kz 02.04.2024 14:00 798

Жұмыс орындарының тапшылығы, жалақының аздығы және тұрмыс сапасының төмендігінен моноқалалардағы халық саны азайып барады. Бұл туралы Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды

Моноқалалардың дамуы көп жағдайда ондағы ірі кәсіпорындардың жұмысына байланысты. Сондықтан өндіріс көлемінің төмендеуі әлеуметтік қиыншылықтарға алып келуі мүмкін. Моноқалалардағы әлеуметтік және демографиялық проблемалардың кесірінен халық ірі қалаларға қоныс аударуда. Әсіресе, жастар жағы. Біз моноқалалардың түгелге жуығында көші-қонның теріс сальдосы бар екенін көріп отырмыз. Соңғы 20 жылда ондағы тұрғындардың саны екі еседен астам азайып кетті. Мұның басты себептері жұмыс орындарының тапшылығы, жалақының аздығы және тұрмыс сапасының төмендігі болып отыр, - дейді Олжас Бектенов.

Ол  моноқалаларды дамытып, жастар үшін тартымды еткіміз келеді деп айтты. Алдымен, табысты арттырып, жұмыс орындарын көбейту қажет.

Аталған міндет өндірістерді кеңейту, жаңа жобаларды іске қосу, бизнеске қолайлы жағдайлар жасау арқылы жүзеге асырылуға тиіс. Әкімдіктер жас мамандарға жағдай жасап, әлеуметтік пакеттер ұсынуы керек. Моноқалаларда өндіріс орындары бар компаниялар да корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктері туралы ұмытпауға тиіс. Оның ішінде, жұмыскерлердің құқықтарын қорғауға, өндірісті кеңейтуге, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бастамаларға бірінші кезекте назар аудару қажет, - деді премьер-министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға