Танзанияда 4 ай ішінде жауын-шашыннан 40-қа жуық бала қайтыс болды
01.05.2023 15:05
1004
Шығыс Африка аумағындағы Танзания мемлекетінде қаңтар мен 28 сәуір аралығындағы нөсер жаңбыр салдарынан 37 бала ажал құшты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға туралы Танзания полициясының өкілі Дэвид Мисиме мәлімдеген. Қытайлық Синьхуа агенттігінің жазуынша, Д.Мисиме өз мәлімдемесінде ата-аналарды жаңбыр кезінде балаларын үйден шығармауға кеңес берді.
Сонымен қатар, ол сәйкес органдарды су сақтайтын орындарға, құдықтарға белгі қоюға үндеп отыр. Қазіргі уақытта Танзания метеорологиялық қызметі елдің түрлі өңірлеріндегі толассыз жаңбыр су тасқынына ұласуы ықтимал екенін ескертті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Air Astana біздің аспанның құдайы болып алған – Жаңбыршин