Жаңалықтар

Таныс болыңыздар: Ақмола облыстық ҚХА Достық үйі – ширек ғасырға татитын алғашқы бесжылдық

Таныс болыңыздар: Ақмола облыстық ҚХА Достық үйі – ширек ғасырға татитын алғашқы бесжылдық
10.06.2019 15:54 5442

Ақмола облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы өңірдегі ұлтаралық келісімді сақтау және нығайту жөнінде көп жұмыс атқаруда. Ақмола облысының аумағында 52 этномәдени бірлестік тіркелген

14.10.14DSC_9721.JPG

Оның ішінде: екі орыс, бес славян, он екі казак, алты поляк, төрт еврей, үш-үштен неміс, армян, әзірбайжан, екі-екіден шешен-ингуш, өзбек, кәріс, татар, бір-бірден түрік, украин, чуваш, күрд, ұйғыр, тәжік этномәдени бірлестіктері бар. 

58IPdEvAWhY.jpg

Аймақтағы әр этноста өзінің мәдениеті, дәстүрі мен тілін сақтау және дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Ақмола облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы қызметін, сондай-ақ этномәдени және басқа да қоғамдық бірлестіктердің жұмысын ұйымдастыруды Ақмола облысы әкімінің аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» Коммуналдық мемлекеттік мекеме (КММ) қамтамасыз етеді. 

20190310_133541.jpg

Оған 1959 жылы дүниеге келген білікті маман Исмагұлов Манат Ахметбекұлы басшылық етеді. Ол мұнда «Қоғамдық келісім» ашылған күннен бастап қызмет атқаруда. 2014 жылдың қыркүйек айында әдістемелік бөлім меңгерушісі болып қабылданды. 2016 жылдың қаңтар айынан бастап басшының орынбасары, ал 2018 жылдың 17 қыркүйегінен бастап мекеме басшысы болып тағайындалды. М. Ахметбекұлы 1983 жылы авиациялық электрондық жабдықты техникалық пайдалану мамандығы бойынша Ригадағы азаматтық авиация инженерлерінің институтын бітірген. 

9.jpg

Достық үйі (Қоғамдық келісім сарайы) 2014 жылдың 3 қыркүйегінде ашылды. Оның салтанатты пайдалануға берілу рәсіміне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзі қатысты. Достық үйі Көкшетау қаласының көркем жерлерінің бірінде орналасқан. Ғимараттың жалпы ауданы 4 мың шаршы метрден асады. Достық үйінде өңірдің мәдени демалыс жұмысының деңгейін көтеру үшін қажеттінің бәрі бар, ойын-сауық іс-шараларын өткізуге жағдай толық жасалған. 

11.png

Күту залында этномәдени орталықтардың қызметін таныстыратын көрме сөрелері орналасқан, сондай-ақ дайындық, хореография залдары, конференция залы, акт залы, Ақмола облысы этномәдени бірлестіктерінің кабинеттері, ана тілін меңгеру сыныптары және тағы басқалары бар. 

12.jpg

Достық үйінде ұлтаралық өзара іс-қимыл және ынтымақтастық мәселелері бойынша конференциялар, диалог алаңдары, «дөңгелек үстелдер» өткізіліп тұрады

20190216_123147.jpg

Оның жұмысындағы басым бағыттар – рухани бірлік идеяларын қалыптастыру және тарату, қоғамдық келісімді нығайту, қазақстандық патриотизмді насихаттау, фольклор және көркемөнерді, ұлттық өзгешелікті дамыту, этностардың мәдениеті мен дәстүрлеріне құрмет көрсетуді тәрбиелеу. 

20190216_123537.jpg

Оларды жүзеге асыру үшін әр түрлі форма қолданылады: фестиваль, байқаулар, Ұлттық мәдениет күндері, қоғамдық маңызы бар іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу. 

20190216_130239.jpg

«Қоғамдық келісім» КММ жанында ҚХА мүшесі З. Авилованың жетекшілігімен «Русская песня» халықтық вокал ұжымы, «Ақмола облысының орыс қауымы» қоғамдық бірлестігі жанындағы вокал студиясы, «Ақмола облысының татар және башқұрт бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің «Ғалиябану» вокал ұжымы сияқты этномәдени бірлестіктердің өнер ұжымдары табысты дамып келе жатыр. 

DSC_0050.JPG

Достық үйінде 5-15 жас аралығындағы жетпістен аса бала «Мисо» кәріс, «Ритмы гор» ингуш, «POLANIE» поляк этномәдени бірлестігінің би топтары, сондай-ақ «Мөлдір» және «Этно» ұжымдары тұрақты түрде айналысады. 

DSC_0842.JPG

ҚХА құрылымына келесідей ұйымдар кіреді: Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі; Қоғамдық келісім кеңесі; Аналар кеңесі; Журналистер клубы; «Шаңырақ» тіл мектебі; Ғылыми-сараптамалық топ; Өнер және қолөнер шеберлерінің одағы; Медиация. ҚХА-ның барлық қоғамдық құрылымдары ұлтаралық бірлікті нығайту саласында белсене жұмыс істеуде. 

IMG_0580.JPG

Ғылыми-сараптамалық топ облыстық ассамблеяның қызметіне ғылыми-сараптамалық қолдау, сондай-ақ қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласында, Ақмола облысында ұлтаралық жағдайдың қазіргі жай-күйіне ғылыми зерттеулер жүргізумен айналысады. 

20190216_123254.jpg

Ғылыми-сараптамалық топ «дөңгелек үстел», байқаулар, халықаралық және республикалық сарапшылар кездесуінің, ғылыми-тәжірибелік конференцияның және ғылыми іс-шаралардың басқа да формасының белсенді қатысушысы және бастамашысы. 

20190216_121737.jpg

Қоғамдық келісім кеңестері ұлтаралық және конфессияаралық іс-қимыл мәселелерін шешуге белсене қатысып, әлеуметтік үдерістердің тиімді қоғамдық модераторына айналды. 

20190216_125953.jpg

Ақмола облысында 248 Қоғамдық келісім кеңесі, оның ішінде 228 ауылдық деңгейде әрекет етеді. Олардың сапында қоғам қайраткерлері, ардагерлер, үкіметтік емес ұйымдар, жастар ұйымдары, кәсіподақ, Аналар кеңесі өкілдерінен, медиаторлардан 2 мыңнан астам адам бар. 

20190216_122801.jpg

2018 жылдың наурызында «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының өңірлік штабы жұмысын бастады. Өңірлік жастар қозғалысының мүшелері қоғамдық келісімді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын тиімді іске асыру, қазақстандық бейбітшілік пен келісім үлгісін ілгері жылжыту бойынша жұмыс жүргізуде. 

20190216_121920.jpg

Ақмола облысында 60-тан аса орталық, үйірме мен клуб кіретін 101 Аналар кеңесі, оның ішінде 1 облыстық, 1 қалалық, 12 аудандық, 87 ауылдық өкілі әрекет етеді. 

20190216_124416.jpg

Аналар кеңесі қызметінің негізгі бағыттары – отбасы дәстүрлері мен құндылықтарын насихаттау және дамыту, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетуге айрықша көңіл бөлу. Ақмола облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі республикалық іс-шараларға белсене атсалысады. 

DSC_0447.JPG

2018 жылғы 28–30 қазан аралығында Алматы облысының Талдықорған қаласында ҚХА республикалық Аналар кеңесінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудағы рөлі» тақырыбында кеңейтілген отырыс өтті. 

DSC_0027.JPG

Облыстық ассамблея жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықованың жемісті жұмысы айрықша аталып, жақсы үлгі етіп көрсетілді. 

DSC_0956.JPG

Ақмола облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы қоғамдық медиаторлар институтын қалыптастыру және жетілдіру жөнінде жүйелі жұмыс жүргізуде. 

DSC_0098.JPG

Облыста 116 медиация кабинеті жұмыс істейді, ҚХАА-мен бірге қызмет істейтін 5 кәсіби медиатор және 105 кәсіби емес медиатор тіркелген

20190216_124421.jpg

«Қоғамдық келісім» КММ жанында «Шаңырақ» тілдер мектебі қызмет етеді. Оқушыларға қазақ, орыс, поляк, неміс, чуваш, кәріс, ингуш, армян және татар - барлығы 9 тілді оқып-үйренуге мүмкіндік берілген. Тіл сыныптарында Қазақстанның әр түрлі этносының 200-дан аса баласы оқиды

20190216_124518.jpg

Ұлтаралық келісім және жалпыұлттық бірлік мәселелерін бұқаралық ақпарат құралдарында құзыретті жарыққа шығару мақсатында 2011 жылғы маусым айынан бастап Ақмола облыстық Ассамблеясы жанынан республикалық, облыстық, қалалық газет, телевизия және радио тілшілері мен журналистерден құралған Журналистер клубы жұмыс жасай бастады. 

20190216_124523.jpg

2018 жылы журналистика саласындағы жыл сайынғы «Шаңырақ» республикалық байқауының «Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісінің мәнін ашуға арналған үздік талдамалық материал» аталымында Журналистер клубының төрайымы А. Мякота жүлдегер атанды. 

20190216_124407.jpg

Облыстық ассамблея жанында Сәндік қолданба өнері шеберлерінің одағы әрекет етеді. Оның шеберлері Астана қаласында «Жастар синергиясы» ҚХА форумындағы сәндік қолданба өнері бұйымдарының көрмесіне, Алматы қаласында «Этно-fashion» фестиваліне қатысты. 

20190216_124448.jpg

2018 жыл біздің республиканың елордасы – Астананың 20-жылдығын тойлау аясында өтті. Осыған орай облыстың этномәдени бірлестіктерімен бірлесіп 230-дан аса іс-шара өтті. 

IMG_9419.JPG

Ақмола облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының әр түрлі этнос өкілдерінен тұратын делегациялары Астана, Ақтөбе, Талдықорған, Павлодар қалаларындағы республикалық 8 іс-шараға, сондай-ақ Алғыс айту күні, Қазақстан халқы ассамблеясының XXVI сессиясына арналған Астана қаласындағы салтанатты іс-шараға қатысты. 

20190216_125626.jpg

«Қоғамдық келісім» Республикалық мемлекеттік мекемемен бірге «Қазақтану» жобасы өз бастауын алды және соның аясында республикалық дәрістер оқылып, іс-шаралар топтамасы өтті. 

20190216_125634.jpg

Ақмола облысында қайырымдылық ісін үйлестіру бойынша көп жұмыс жүргізілуде. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Атамекен» кіші бағдарламасы сәтті жүзеге асуда. 

DSC_0046.JPG

«Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша 2018-19 жылдарға 4,6 млрд теңгеге әлеуметтік нысандарды салу, қайта құруға және материалдық ресурстар сатып алуға бағытталған 92 әлеуметтік бастаманы іске асыру жоспарланған. Бүгінгі таңда 92 әлеуметтік бастаманың ішінен 41 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды.

DSC_0462.JPG

20190216_121529.jpg

Әсем Жұмабекова

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайынахабарласыңыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға