Танымал комментатор «Ордабасыны» «Ардабасы» деп айтатындарға үндеу жасады
Еліміздің белгілі спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен қазақ тіліндегі атауларды бұрмалап, орысша мәнерге келтіріп айтатындарға үндеу жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Комментатор қазақ тілінің дыбысталуын орыс тіліне қарай бұрмалау қате екендігін, ондай жағдайда команда атауының мағынасы түбегейлі өзгеретінін айтты.
Оқи отырыңыз:
- Сіз бен бізге ақша жинауға кедергі келтіретін басты 7 себеп
- АЭС салсақ, оның радиоактивті қалдықтарын қайда жібереміз?
Команданың атауы «Торпедо» болса, орысша оны «Тарпедо» деп «а» арқылы айтуға болады. Одан ештеңе өзгермейді. Ал қазақтың «Ордабасы» деген сөзін «Ардабасы» деп айтып, бір ғана әріпті ауыстыру оның мағынасын түбегейлі өзгертеді. Сол секілді «Ақтөбе» дегенді де орыстілділер «Актабе» деп айтады. Бұл да қате. Ал «Оқжетпесті» «Акжетпес» дейді. «Ақ» дегеніміз – орысша «белый», «оқ» дегеніміз – «стрела». Көрдіңіз бе, мүлде бөлек сөздер. Сондықтан атауларды дұрыстап атайық, - деді Мәулен.