Жаңалықтар

Танымал эстрада әншісі Астанада оңбай құлады

Танымал эстрада әншісі Астанада оңбай құлады
Фото: видеодан алынған кадр 11.03.2025 16:39 8835

Динара Сәтжанның DS’Show бағдарламасына қазақстандық «КешYOU» тобының әр жылдары құрамында болған әншілер жиналды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бағдарлама барысында олар продюсердің талаптарын, сахна сырларын және әлеуметтік желілердегі хейтке қалай төтеп бергендері туралы ашық айтты.

Алайда эфирдің ең есте қаларлық сәті күтпеген оқиғамен байланысты болды, топтың бұрынғы мүшесі Балжан Бидаш тікелей эфирде құлап қалды. Ол жүргізуші Динара Сәтжан ұсынған шағын би сайысында өз шеберлігін көрсетпек болды. Әнші көзі байлаулы күйде жоғары өкшелі аяқ киіммен билеп жүріп, баспалдақтан сырғып кетіп, құлап түсті.

Бағдарламаның толық нұсқасы интернетте жарияланған жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға