Танымал бүркішті қыз Айшолпан Қазақстанға қоныс аударды

Әлемге әйгілі бүркітші, отандасымыз Айшолпанның отбасы елге көшіп келді. Бұл туралы Kazinform-ға сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мен Қазақстандамын, бір аптадай бұрын ата-анам мен бауырларым көшіп келді. Өзім Алматыдағы С.Демирел атындағы университетте қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша 4 курста оқып жатырмын. Қазір мамандығым бойынша жұмыс қарастырып жатырмын, - деді Айшолпан.
Сондай-ақ отандасымыз бүркіт өнерін тастамағанын айтты.
Оқу мен бүркітпен айналысуды қатар алып жүрмін. Аптасына бір рет айналысамын. Жарыстарға қатысып жүрген жоқпын, тек қонақ ретінде барамын. себебі оқудан қол тимейді, - дейді бүркітші қыз.
Еске сала кетсек, 2018 жылы қарашада бүркітші Айшолпан туралы фильм шықты.
