Танымал блогер Мерей Әбілова «девичник» өткізді
Футболшы Дінмұхамед Қашкеннің қалыңдығы Мерей Әбілова құрбыларымен жиналып ұзату алдында кеш өткізді. Мұндай қуанышты жаңалықты ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мерейдің құрбылары кешті естен кетпестей етіп өткізу мақсатында қалыңдықты қызыл түсті лимузинмен күтіп алды. Блогер қыз атаулы күні қызыл түсті көйлек кисе, достары ақ және сұр түсті киім киген.
Оқи отырыңыз:
- «Дағдарыстың әсерінен сияқты». Киносыншы «Оян қазақ» фильмінің сұранысқа ие болу себебін айтты
- Дариға Бадықова алғашқы киносын түсіруге қанша қаражат жұмсағаны белгілі болды
Дизайнер Instagram желісінде кешті ұйымдастырған құрбыларына алғысын білдірді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қыздарыма керемет кеш үшін рахмет. Бәрі жоғары деңгейде болды, - деп жазды Мерей Әбілова.
Блогердің әлеуметтік желідегі достары да жарыса құттықтады.
«Бақытты күндерің көп болсын, жаным», «Жаным, бақытты бол», «Сондай сұлусыз», «Әр қыздың арманы», - деп жазды оқырмандар.