Жаңалықтар

Танымал айтыскер қыз өмірден өтті

Танымал айтыскер қыз өмірден өтті
Фото: БҚО Халық шығармашылығы орталығы 08.03.2025 20:42 477

"Құрмет” орденінің иегері, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, айтыскер ақын, қоғам қайраткері, қарымды қаламгер Шолпан Батырқызы Қыдырниязованың дүниеден озды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қыдырниязова Шолпан 1949 жылы 6 мамырда Қаратөбе ауданы Қаракөл аулында дүниеге келген.

1956-1966 жылдар аралығында Алакөл бастауыш, Мұхит атындағы Қаратөбе орта мектептерінде оқып, білім алды. Кейін Қаратөбе аудандық «Еңбек туы» газетінде әдеби қызметкер болып жұмыс істейді.

1967-1971 жылдары А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтында оқып, қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі мамандығы бойынша білім алды.1971-1976 жылдарда Қаратөбе ауданы Шөптікөл сегізжылдық мектебінде мұғалім, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.

1976-1983 жылдары «Еңбек туы» газетінде радиохабар ұйымдастырушы тілші, жауапты хатшы, 1983-1993 жылдары халық депутаттары аудандық кеңес атқару комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, төраға орынбасары, аудан әкімі орынбасары міндеттерін атқарды, бірнеше рет аудандық кеңеске депутаттыққа сайланған.

2004-2008 жылдары жаңадан ашылған Батыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасының басшысы болып қызмет атқарды Республикалық екінші ақындар айтысында бірінші орынға ие болып, 1980 жылы «Қазақ ССР-іне еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» атағын иеленген.

«Қазақстан Конституциясына - 10 жыл», «Қазақстан мәслихатына - 20 жыл», «Ерен еңбегі үшін» медальдарының, «Құрмет» орденінің иегері, «Қаратөбе ауданының құрметті азаматы».

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға