Танымал ақын ұлына ерекше есім қойды
Фото: ASSYLTAS қоғамдық қоры
Фото: ASSYLTAS қоғамдық қоры
10.02.2024 19:34
13972
“Асыл Домбыра” тележобасының жеңімпазы Мұрадым Мирлановтың ұлына ASSYLTAS қоғамдық қоры тай сыйлады, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Тай сыйлау салтанаты бүгін Орал қаласында өтті. Мұрадым Мирланов асыл домбыраны иеленген күні қос қуаныш орын алған болатын. Дүниеге шекесі торсықтай ұл келіп, мерейі асқақтаған ақын ұлының есімін қоғамдық қор құрметіне Асылтас қойған еді.
“Асыл домбыра” тележобасы өткен жылдың қыркүйегінен желтоқсан айына дейін ұласқан болатын. Еліміздің әр түкпірінен 60 ақын қатысқан айтулы бәйгеде БҚО ақындары - Мұрадым Мирланов, Жансая Мусина және Бауыржан Ширмеденұлы оза шауып, бас жүлдені иеленді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Ақтөбе-Қарабұтақ- Ұлғайсын» автожолындағы қазіргі ахуал қандай
Келесі жаңалық
Қостанайда сырғанақ кезінде бес бала ауруханаға түсті