Жаңалықтар

Танымал әншіге "ұшқыш Хыйуаз Доспанова" атындағы медаль табысталды

Танымал әншіге "ұшқыш Хыйуаз Доспанова" атындағы медаль табысталды
Фото: instagram.com/tamara_assar_official 08.01.2024 10:55 1552

Әнші Тамара Асар "Халық қаһарманы және қоғам қайраткері, офицер ұшқыш Хыйуаз Доспанова" атындағы медальмен марапатталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Марапатты беру туралы шешімді Атырау облысы ардагерлер кеңесі қабылдаған.

Мені "Батыр қыз" деуші халқым, маңдайыма нағыз батыр қыздың атындағы медаль бұйырды. Атырау облысы ардагерлер кеңесінің шешімімен халық қаһарманы және қоғам қайраткері, офицер ұшқыш Хыйуаз Доспанова медалімен марапатталдым. Хыйуаз апамдай қан майданның батыры болмасам да, жүрегіммен халқымды сүйіп, басым жерге жеткенше, халқыма арнаған әніммен, сәніммен, Ата-Анамнан алған тәлім тәрбиеммен, ұрпағыма дұрыс жол көрсетсем, абыроймен үлгі болсам, сол мен үшін бейбіт күннің батырлығы! Алдыңғы буын ағалар құрметтеріңізге үлкен мың алғыс! Атырауым, бас идім. Рахмет сенімдеріңізге!, – деп жазды әнші.

Әншіні өнердегі әріптестері мен жақындары құттықтап жатыр. Ал жері қолданушыларының көпшілігі мұндай марапатты әншілерге беру қаншалықты дұрыс екенін айтып, талқылап жатыр.

"Ауылда көп бала асырап, халқына ерен еңбегімен лайықты каншама нағыз ер батыр, қаhарман аналар табылмамағаны ма?", "Құтты болсын,бірақ әншіні "Батыр қыз" деп марапаттаған бір түрлі екен", "Қан майданда қан кешкен батырмен сахнада ән айтқан әншіні теңестіріп отыр ма?", - деп жазып жатыр жеоі қолданушылары.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Тамара Асар (@tamara_assar_official)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға