Жаңалықтар

Танымал әнші Тамара Асар зауыт қызметкерлеріне ас берді

Танымал әнші Тамара Асар зауыт қызметкерлеріне ас берді
Фото: Видеодан кадр 30.03.2025 12:06 2345

Танымал әнші Тамара Асар жолдасының зауытында Наурыз мейрамына орай ас берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астық элеватор жабдықтар зауыты қара жұмыстың қазанында қайнаған қарапайым жұмысшыларға арналған Наурыз мейрамын өткізді. Тілі бөлек болса да, тілегі бір, діні бөлек болса да, еңбектегі жүрегі бір жұмысшыларға Қыдыр Ата батасын беріліп, киіз үй тігіліп, қазан көтеріліп, дастархан жайылып, самаурын қайнатылып, наурыз көже, қуырдақ, шелпек, бауырсақ пісіріліп, тәттілер таратылып, бағалы сыйлықтар беріліп, лоторея ойнатылып, арқан тартыс, гир көтеріп мәре-сәре болды. Біз бүгін баларымызбен бәріміз жұмысшыларға қызмет жасадық…», – деп жазады әнші. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға