Жаңалықтар

Танымал әнші кино түсіремін деп 160 мың долларынан айырылған

Танымал әнші кино түсіремін деп 160 мың долларынан айырылған
Фото: Видеодан кадр 22.02.2025 18:46 349

Белгілі әнші Айбек Жансейітов кино түсіруге бөлінген 160 мың доллар қаржысынан айырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бір досым кино түсір деп көндірді. Мен бұл саладан хабарым жоқ екенін айттым. Ол кинематография маманы болғандықтан, үйрет дедім. Ақшалай ұтылғаныма өкінбеймін, бұл – үлкен тәжірибе болды, – деді Бүркіт.

Өнер иесі тек үшінші фильмінен пайда тапқанын атап өтті.

Үш адам болып түсірдік. Тапқан табысымызды 50 мың доллардан бөліп алдық. Бірақ мен киноны ақша үшін емес, жанымның қалауы үшін түсіремін. Бұл еңбектерім балаларым үшін естелік болсын деген ниетпен жасалған дүние, – деп қорытындылады Бүркіт.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға