Танымал актрисадан қатерлі ісік табылды

Танымал кеңес және ресейлік актриса Валентина Талызинаға жедел медициналық көмек қажет болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
SHOT басылымының мәліметінше, оның денсаулығы күрт нашарлап, дәрігерлерді үйіне шақыруға мәжбүр болған.
Валентина Илларионовна бірнеше күн бойы жүрек айнуы мен денесіндегі ауырсынуларға шағымданған. Дәрігерлердің тексеру нәтижесінде оның денсаулығының нашарлауына онкологиялық ауру себеп болғаны анықталды. Актрисадан ұйқыбез қатерлі ісігі диагнозы табылды. Қазіргі таңда ол амбулаторлық ем қабылдап жатыр.
Валентина Талызина кеңес және ресейлік кино әлемінде ерекше орын алады. Ол "Ирония судьбы, или С лёгким паром!", "Зигзаг удачи", "Афоня", "Женитьба", "Гостья из будущего" сынды танымал фильмдердегі рөлдерімен көрермен жүрегінен орын тапқан.
