Жаңалықтар

Таңғы Кунг-Фу жаттығуы өтті: Адамның ішкі қуаты мен ақыл-ойын нығайтуға бағытталған

Таңғы Кунг-Фу жаттығуы өтті: Адамның ішкі қуаты мен ақыл-ойын нығайтуға бағытталған
Фото: ©El.kz/Амангүл ТІЛЕЙ 15.07.2023 12:35 8141

«Жерұйық» саябағында “Алтынзат дала фитнесі” клубы таңғы 7-де адамның ішкі қуаты мен ақыл-ойын нығайтуға бағытталған ежелгі қытайлық «ішкі» Кун-ФУ негізінде таңғы жаттығу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Таңертеңгілік жаттығулар (нэй гун) жастықты сақтаудың және адам денесін емдеудің дәстүрлі қытай әдісі болып табылады. Яғни, жаттығудың мақсаты денені шынықтыру, түрлі аурулардың алдын алу және емдеу, пішінді сақтау, өмірді ұзарту, тыныс алу мен дене белсенділігін және сананы реттеу арқылы потенциалды түрде даму.

Сөзбе-сөз аудармада бұл Кунг-Фу деп аталады. Бұл өз кезегінде кез келген сала қолөнер, спорт, өнерде жылдар бойы шыңдалған шеберлікті білдіреді. Кунг-фу жүйесі ұрыс техникасын жетілдіруге бағытталған дене жаттығуларына да, психологиялық жаттығуларға да негізделген. Сол арқылы адамның мінезі қалыптасып, өзіне деген сенімділігі артады.

Таңғы Кунг-Фу жаттығуы өтті: Адамның ішкі қуаты мен ақыл-ойын нығайтуға бағытталған
©El.kz/Амангүл ТІЛЕЙ

Одан басқа бұл жаттығуда «сыртқы» және «ішкі» кунг-фу ұғымдары бар. «Сыртқы» кунг-фу бұлшықеттерді, сүйектер мен буындарды жаттықтырса, ал «ішкі» рухты, ішкі Ци энергиясын және ақыл-ойды нығайтуға мүмкіндік береді. Таңғы жаттығу 7:00- де басталып, ұзақтығы 40 минутқа жалғасады.

Аталмыш клубты құрған әрі жетекшісі - Алтынзат Төлеу. Ол 2019 жылдың басында Қазақстанға оралады. Жаттықтырушы Қытайда білім алып, 10 жылдан астам уақыт бойы таңғы жаттығулар арқылы адамдарға өзін-өзі емдеуге көмектесіп келеді.

Таңғы Кунг-Фу жаттығуы өтті: Адамның ішкі қуаты мен ақыл-ойын нығайтуға бағытталған
©El.kz/Амангүл ТІЛЕЙ

Кунг-Фу жаттығуын ең алғаш Қытай елінде бастадым. Құрылғанына 10 жылдан асты. Қытайда бірінші рет маған сабақ берген ұстазымның көмекшісі болып, жаттықтырушы ретінде командаға қосылдым. Ол жақта да осылай таңертеңгі уақытта парктің таза ауасында жаттықтық. Бұл жаттығу адам денсаулығына көп пайда алып келу үшін ұстазымыз паркте демалуға келетін жандар үшін сауапты, пайдалы және тегін үйретуді мақсат еттім, - дейді жаттықтырушы Алтынзат.

Алтынзат Төлеу тарихи Отанына оралған сәттен бастап осы паркте күн сайын таңғы уақытта кунг-фудың қыр-сырын үйретіп келеді.

Сондай-ақ, ол карантин уақытында өткізу қиынға соққанын айтты. Өткен жылдан бастап қайтадан жалғастырып қолға алуды бастағанын айтады.

Таңғы Кунг-Фу жаттығуы өтті: Адамның ішкі қуаты мен ақыл-ойын нығайтуға бағытталған
©El.kz/Амангүл ТІЛЕЙ

Осы паркте қазірге дейін 300-ден астам адам кунг-фу жаттығуымен айналысып келеді. Барлығы таңертең ерте тұруға, салауатты өмір салтын ұстануға машықтануда. Өзім сол жолды алып жүруші ретінде бар білгенімді үйретіп бағудамын. Бұл жаттығу 3-90 жасқа дейінгі адамдарға өте пайдалы. Жас талғамайды, - дейді “Алтынзат дала фитнесі” клубының жаттықтырушысы Алтынзат Төлеу.

Бүгінгі таңғы жаттығуға Алтынзат Төлеудің арнайы шақыртуымен Қытайдан Ли На есімді кунг-фу жаттықтырушысы келіп, қатысушыларға тегін шеберлік сағатын өткізді. Ли На 2012 жылдан бері осы спорт түрімен айналысып келеді. Ол 2019 жылдан бастап чакраларды ашу шебері әрі санадан тыс байлық кодын зерттеу, дене мен жанды зерттеу бойынша ұстаз.

Таңғы Кунг-Фу жаттығуы өтті: Адамның ішкі қуаты мен ақыл-ойын нығайтуға бағытталған
©El.kz/Амангүл ТІЛЕЙ

Бүгінгі таңда тағдыры әртүрлі көптеген адамдарға жанның үйін табуға, шынайы болмыс пен ішкі жан дүниені оятуға көмектесіп келеді. Адамдарды дыбыстың көмегімен емдей алады.

Кунг-Фу мен 15 жылдан бері айналысып келемін. Бұл адамдардың денсаулығына арнайы жасалынған жаттығу болып саналады. Ол меридиандарды ашады, Ци таза эергиямен қанды реттейді, дене жасушаларының белсенділігін арттырып және иммунитетті көтереді. Ең ғажабы, ол мидың сол және оң жарты қабаттарының ұйықтап жатқан жасушаларын, жүйке-жүйемізді қалыпқа келтіреді. Жанды ояту үшін өз дауысымды қолданамын. Ал сол дауыс адамдардың алдында әлемді ашады”, - дейді Қытайдан келген жаттықтырушы Ли На.

Сондай-ақ, ол бұл жай жаттығу сияқты көрінгенімен адам психикасына және адам денсаулығына тигізер пайдасы өте зор екенін тілге тиек етті.

Таңғы Кунг-Фу жаттығуы өтті: Адамның ішкі қуаты мен ақыл-ойын нығайтуға бағытталған
©El.kz/Амангүл ТІЛЕЙ

Кунг-фуда жүрекке арналған жаттығулар көп. Жүрек тұсындағы жолдар ашылғасын адам ойы тазарып, жүрегі тыныш табады. Өзім 38 жастан бастап осы жаттығумен айналысып келемін. Осы уақыт аралығында мыңдаған адамның түрлі дерттен айыққанына куә болып келемін. Оған мысал ретінде өзімді айтар едім. Тұрмыстың түрлі қиындығынан, жұмыстан психикалық түрде стреске түстім. Жаттығумен қалай айналысып бастадым, солай айықтым. Одан кейін бес жастағы бала бір нәрсені көрсе жыртып, әке-шешесінің қолын тістей беретін болды. Үш ай жаттығып ол бала қалыпқа келді, - дейді Ли На.

Демек, бұл жаттығу жанның зақымдалған бөлігі және депрессия мәселесін шешеді.

Ал 80 жастағы қатысушы Айман Есенова осы жаттығумен айналысып жүргеніне бір жыл болыпты. Осы уақыт аралығында үлкен нәтижеге қол жеткізгенін айтты.

Таңғы Кунг-Фу жаттығуы өтті: Адамның ішкі қуаты мен ақыл-ойын нығайтуға бағытталған©El.kz/Амангүл ТІЛЕЙ

Қазір өзімді жақсы сезініп, дұрыс ұйықтаймын. Аяқ-қолдарым қақсамайды. Күн сайын келемін. Бұл жаттығуға келген себебім өзім медицина саласынан хабарым бар. Денсаулықтың не екенін жақсы білемін. Сондықтан да көршілерімді де бірге ертіп келіп жүрмін, - дейді қария.

Ал Қарлығаш Көппаева қант қысымы мен қант диабеті, буын ауруымен келген. Бұл клубты естіп, көре келе қатысқанын айтты.

Алғаш келген кезде қолымды көтере алмайтын едім. Заттарды көтерген кезде қолымнан түсіп кете беретін. Қазір барлық жаттығуды еркін жасай аламын. Бұрын ұйықтай алмайтын едім. Қазір толыш ұйықтап жүрмін. Қан қысымымда дұрысталды. Қазір қысымның да, қанттың да дәрісін ішпеймін. Алтынзатқа рақметімді айтамын. Біріншіден тегін әрі өте қолайлы. Күннің суығына да ыстыққа да қарамаймыз, - дейді 65 жастағы нәтижеге қол жеткізген Қарлығаш Көппаева.

Айта кетейік, клуб жетекшісі Алтынзат Төлеу екі жыл ішінде ол Астана қаласының ашық алаңында 3 пен 90 жас аралығындағы еліміздің барлық қызығушылық танытқан тұрғындары үшін тегін 700-ден астам тренинг өткізді. Бүгінде ол «Жерұйық» саябағында күн сайын бір мезетте 100-ден астам адамды жаттықтырады. Жаттығуға еліміздің түкпір-түкпірінен Түркістан облысы, Алматы, Шығыс Қазақстан облысынан келетін қонақтар да бар.

Таңғы Кунг-Фу жаттығуы өтті: Адамның ішкі қуаты мен ақыл-ойын нығайтуға бағытталған
©El.kz/Амангүл ТІЛЕЙ

Таңғы Кунг-Фу жаттығуы өтті: Адамның ішкі қуаты мен ақыл-ойын нығайтуға бағытталған
©El.kz/Амангүл ТІЛЕЙ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға