Тана туралы аңыз
Таманың ұлы Тананың жасы қырыққа толғанда бәйбішесі отыз бесте еді. Бәйбішесі баласы жоқтығын айтып зар қылады. Ханға уайым кіреді. Алтын тағы, күміс кебісі, күмістің әр түрлісі бар, ежелден қалған бөркі бар, қазынасында дүниесі көп, уайымсыз жатқан жан еді. Хан тағына барады. Жиырма биі бар еді, соларға хабар салады. Асығып, шала киінген билер келеді. Хан оларға өзінің жар таңдап алғанын, пенденің қызығы бала екенін айтып билерге қарайды. Билер мұны неге айтты деп таң болып отырады. Бидің үлкені Күмістің он екі жасар баласы Алтын тұрып, ханның қырыққа толып, елуге қадам басқанында бір балаға зар екенін түсініп айтыпты. Күміс би орнынан тұрып, ханға бұрынғының жолымен әулие жағалауды ұсынады. Хан бұған қуанып, ата-баба жолымен Баба түкті шашты Әзізге баруды қалайды. Баба түкті шашты Әзіз екі жерде пір еді. Жиырма күн толғанда, Баба түкті моласы жақындады жердің шамасы. Түстік жерге келгенде, тілекті тура тілерге, әулиеге түнерге, Баба түкті басына жаяу жүріп бұл келді. Жалған атқа ермеді, жаяу жүріп келеді. Киімдерін арқалап келеді жетіп бейшара-ай әулиенің қасына, көзінің жасын төгіп-ай. Әуелі отырып оқыды, отырып, құран басына-ай. Қабірдің басында жатып жақсылардан шарапат тілеп ол жатты. Таң ата әулиелер тілегін беріп, хан әулиеден қара үзіп кеткенше қуанғанынан жүгіре берді. «Ол баланың есімін Хан Нәрік деп қой» депті.
Атқа мініп алады, кетіп сонда барады. Ауылына жақын келгенде алдынан шығып ақсақал, би, төрелер келеді. Еліне амандасып: «Алдымен жақындап қалған қызылбас пен қалмақты қайырып, жерді кеңітіп келейін» дейді. Аттанамын деп еді, ноғайдың бірі ермеді. Бұнысын қартайғандықтың белгісі деп ешкім назар аудармады.
Шыдамады ханыңыз, айтқан сөзден тана ма! Астына тұлпар баптады, тұлпар бапқа түскесін, шегіршінмен оңдатып, найзасын жақсы саптады. Үйде отырып алмасты алғыр тасқа қайрады. Сермесе кесіп кетсін деп, тоқталмай қару өтсін деп, көк жебеге оқ салды. Кілең болат жинатып, масаттан соғып оқ алды, көк жебені қолға алды. Жалғыз өзі жапан далада қалғандай, патшаның көңілі бұзылды. Бәйбішесі ақ жол тілеп, шалын Аққа тапсырып жылап қала береді.
Үш айлық жолды төрт айда жүріп, қызылбастың жесірі мен баласын айдап елге келді. Байтақ жатқан ноғайлыға қызылбастың баласын енші қылып береді. Орнына келіп хан болды, бұрынғыдай жай болды. Жапанда жалғыз ел болып, еліне қайтып келгесін ноғайлы халқы таң болды. Тоғыз ай, он күн көтеріп туған екен Нәрікті. Баба түкті пір еді, қасиетті ер еді. Қабыл болып тілегі, содан туған – Нәрік, Шора ер еді. Арғы атасы – Қарадөң, содан бері шұбалып Шораға таман келеді.
Нұрлан Рахымжанов
Жетіқоңыр: Жиделі және Жайылма