Жаңалықтар

Тана батыр

Табыл Құлыяс
11.08.2016 09:54 6298

                           Т А Н А  Б А Т Ы Р

  Жер мен көк тіл қата қалса адамзат тарихының ғаламат сыйын алдымызға жайып салар ма еді.Селт етпес көңілділерді оятып тәңірге алғыс жауар ма еді.Адам ата, Қауа анадан тараған жиырма перзентбіз туыс,туған екенбіз ғой деп нанар ма еді.Аңызға айналған адам үні құоағымызға жетіп, миымызға қонар ма еді.Осылай ойға кеткенде адамзат қоғамы пайда болғаннан бастап қадір, қалынша дерек беретін шет ел жазушыларының жазбасы, әрісін айтпағанда 1367 жылғы Пицаганидің мемлекеттердің карта сызбасы белгісіздіктердің көптеген мәнін ашар еді.Ақтөбедегі елек өзенінің  Қобдаға құяр сағасында сонау бірінші ғасырда Кердері аталатын мемлекет болыпты,өнерлілері қырық күн күймемен жүріп Үнді еліне ойын,сауық құрып,сый-смяпатын көріп қайтады екен дегеннің шындығы да шыға бастады.Ал,Веницияның кінязы Іосфат Варбароның  «Тана еліне саяхат» шығармасы, Италия жиһанкезі Аритотелдің еңбектері де біраз елде тәржәмаланыпты.ХУ ғасырдың басында өмірге келген Варбораның бұл сапарын сауда қатынасына байланысты деп көрсетеді.Кінәздың Тана еліне саяхаты және Перция елін аралауы Европа  ғалымдарына маңызды еңбек делінеді.Өйткені, бұл елдердің тпабиғаты мен тарихының біраз құпиясын ашөан деседі.Әсіресе, Азов теңізі жағасына тұрғызылған Тан қаласы орта ғасыр тарихында сауда қатынасына еркше қызмет еткен.Бұл қаланың дәуірлеуі  1595 жылғы Темірлан заманында Европа мен Азияның сауда қатынасының күре тамыры болған делінеді.Сондай-ақ, қала тихы 1Ч ғасырдағы сарматтар дәуірінен де,У111 ғасырдағы қазарлардың билігінде, одан соң құмықтардың құт қонысына айналып, тіпті 1103 жылдары Азфаның кінәздық құрған дәуірінен де аз-кем деректер берілежді кітапта.Азов аталатын ақшалары да сауда айналысында жүріпті.Бұл ақша Тоқтамыс хан тұсында да қолданыста болыпты. Демек, өмірінің 16 жылын Азов теңізінен Жайық өңіріне дейінгі жерлерді шарлап Тана елінің тарихын зерттегегн Барбаров ертеден қала салушы батырдың, көсемнің есімімен аталғанын, олардың халыққа беделді болғанына тарихта өшпес есімін қалдырғанына шүбә келтірмейді.Сондықтан болар Каспи, Жайық бойындағы халықтардың өмірін зерттеп, мәдениетін, тәртіп, тәрбиесін жазбасында қалдырғаны.Варбароның  жол сапарлары  Арал, Мұалжар,Ойыл, Қиыл және басқада толып жатқан өңірлерді мекендеген халықтар арасында болғаны анық.Жиһанкез тарихшының ізі Батыс өңірді мекендеген Танадан басқа рулардың арасында  болғаны анық сықылды.Міне, Тана батыр туралы бізге жеткен аңыздар мен жырлардың шындығы әлемдік жазбалардан да көрініс беріп отыр... Тана батырдың есіміндегі қала тұр.Тарихта танылған жұлдыздай есімді ешкім өшіре алмайды.Жылдар өте келе Астана қаласы да  тарихта Нұрсұлтан қаласы атанып кетеріне ешкім шүбәлана қоймас.Демек, Тана қаласы Тана батырға байланысты-ау дегенге талас бола қояр ма екен...                                  

Сырым бар еді бүгіп жүрген баяғыдан.Баяны жоқ тірлікте өткендер айтушы еді,налып.Кейде сөзін жұтып,қиналып қалып. «Құтсыздық қойшының таяғынан,келіннің аяғынан,қилы күн келіп қалар қай жағымнан»-дейтұғын.Әйелдің ойы.Қас батырға қарыздарлығының белгісі.Қас қағымдай мезгіл болса да қанша жыл қалды артта.Тана батыр шығып тұр биікке.Әлденеге күбірлеп,ерлік жолы думанды,дүбірлі еді дей ме екен.Қарысқан жауын қағып түсуші еді.Қажымай-талмай жер кезді.Қала салды.Ойға алғанын орындады.Қабырғалы елдің даңқын шығарды.Күмәні көп жеңісті де игерді.Кісі таңданарлық шаруалар тындырды,дұшпанының назарын сындырды.Шарлапты ат тұяғы жетер жер үстін.Кісіні жатырқамай жақсылығымен бөлісті.Тәлкегіне әзәзілдің ермеді,қалың жауды көрсе де тұлабойы қалтырап көрмеді.Хан атанды халқын жарылқап.Кінәсіздің бетіне жел боп тимеді.Жауын ғана саз балшықтай иледі.Елдің жолын бөгейтін сұмның жөнсіз тіліне ермеді.Хан сарайынан жағымпазға орын бермеді.Жүйрік қиял,тапқыр ақылмен құлаш сермеді.Тана батыр қырықтың қырқасына шығып өз-өзінен кішірейіп толғанды ма?Бақыт құсы тұрақты боп иығына қонып па екен?Тана деген атаумен теңіз жағасынан қала салды.Сол бақыт па? Уақыттың құр алданышы емес пе? Әлсіздерді әлдінің басынуынан құтқарды.Кез-келгеннен қорқып барын төгіп шашылудан құтқарды.Әркімнің күс қолы асырайтынын ұқтырды.Күржиген дүлейлерді сап тиды.Күрес-тартыс сәтімен өтті.О да қызметінің бақыты ма? Жоқ,күндіктік алданыш қана.Жан күйінішін ештеңе айырбастай алмайды.Оңаша күйзеліп тұр.Төменге түсті,зар-мұң баяу желмен естіледі.Әйел үні.Күдер үзердегі дыбыс.Оу,қалың ноғай елінен таңдап алған жалғыз жарымның қайғысы ғой.Көріне көзге не дейді,ей?!-деп толғанды батыр .

  -Отыз беске келгенде тас емшегімді жібітіп,тар құрсағымды кеңітіп,төсімді тартып,жөргөк иісі аңқып,жанымды нұрға бөлер бір сәбиге зар болдым.Жаратқан Ием мұнша неге бала бақытын көруге тар болды?-дейді.Көңіл-күйі жүдеу.Жүрегінде қаяу бар. «Тірлікте қиын болды бала жоғы,алдады өмірімді дүние боғы,қайғының бұлты қалың,құрған торы»-дей келіп:-Таңдайым кеуіп барады,емін таппай жүректегі жараның,қанар емес сусыным,перзент сүймей барамын. Өкшесі қанамаған бедеу сөзі миымды шағып тастады. Өкінішпен аяқты аттап басқаным...Көздің жасын бұлаймын,Жаратқанға шағынып,ағыл-тегіл жылаймын,сәби сүюді сағынып?!-деген балажан жүрек үні екен .Көген көзі мөлдіреп,өз жанын өзі жеп жүр екен . «Пенде деген өмірге аз-ақ күнгі мейман дейді,дүние,мүлікті,тәж,тақты да ұрпағы үшін жиған дейді.Тірлікте татар дәмің таусылып, ана жаққа кеткенде,кім ие болар сән-салтанатты қалаңа ,байлығы асқан кең далаңа.Хан ием соны ойлап мүжілдім.Өзіңді іздеп күнүзін...

   Тана үнсіз.Жарының өкініші қалыңдығына амал қайсы?Оған кімнің ақылы жетеді.Жаратқан Ием нендей сый әзірлейді.Қуаныш па,басым жерге жеткенше налу ма?Хан жанын жанып толғанды.

  -Өміріңді ойлашы,алдыңда асқар таудай ағаң жоқ,соңыңнан ерген сүйенішің інің жоқ,жалғыздық бір Аллаһқа жарасыпты,деп түйілесің кейде .Замандастарым ұрпағымен жарасып ,балапанын еріткен ана қаздай қайқаңдап,күнім,жұлдызым деп жайнаңдап еміренгенде,балалары ана,әке деп,бұлбұлдай сайрағанда жүрегім қопарылып қолқамды суырып денемнен бөлінгендей күй кешем .Хан ием,алды-артыңды ойласам,байлықтан не пайда,тақтан не пайда,келешекте иесі оның болмаса,-деп бір перзентке өзім ғана борыштыдай,өзім ғана кінәлідей,өзім ғана айыптыдай сезінем .Сезінем де өмір сүруден безінем .

  -Жөн .Мен де тілік тіледім.Бекер емес айтуың...ұрпақсыз өтсем дүниеден,неменеге пенде болып жаралдым,-деп Тана қалың жаудан қайтпаған жүрегінің әмірін күтті .Жарының жанынан аулақтап ер,тұрманы сайланып тұрған күрең арғымақтың жалын сипады .Күн кеңістігіне еңкейіп кішкенеден соң кеуім тартпақ .Алагеуімде ойына не келеді? «Өмір қашанғы мені еркелетіп арқамнан қағып,маңдайыма шаң тигізбей,ешкімнің алдында басымды игізбей мәпелей береді .Досым дегеннің қараңғы ой түпкірінде қу бас-ау,өле кетсең байлығың,тәж,тағың сұм,сұрқияға шашылады .Арың адал,батырлығың тіріңде аңыз болғаны ұмытылып,есімің аяққа басылады . Жоқтаушысы жоқ ,біржолата өледі,дейтіндей жүрегін қайғы түйнеді .Жартақан Ием жарылқап пендесіне төрт құбыласын тең етіп бермей ме?Шыныменен соңымнан бір перзент ермей ме? Болаттай беріктігім қайда,одан не пайда? Мадақтың астарында мазақ жоқ па? Жалғыздықтан құтылудың лажы бар ма? Құпия қайғыны еске алсам бордай езілем,тірлікте ажар,көрікті кім десеңіз,ұрпағы барлар екен-ау .Тағдыр бір перзенттен неге қысты?-деп Тана болмағанды болдырып, талайдың басына бақыт құсын қондырып,тірліктерін елден асырып,оңдырып,адалдығымен жөн біліп жүрседағы  жүрегіндегі жараға ем табылар ма ?

  Жанжары тағы да еріне қарап жағына тілін безеді .Жүрегі лоблып тұрып: «Бұл тірлікті байқасаң өлмейтұғын шайтан бар .Балаларын еріткен ақылсыз әйелде тойтаңдар,ертеңіне сеніп сүйсінеді,ғасырларға кететін тереңге түскен тамырын мақтан етеді .Баласызды мазақтағандай майпаздап сөйлейді .Құлынымның тілі тәтті деп қояды .Бір боқмұрынын хан тағына айырбастамаймын дейтінін қайтерсің,деп желпінеді .Жеті ғаламға патшалық еткен Іскендір де бір перзентке зар болып,ақырында әзірәйілге жан беріп дүниеден кете барған деп,кекиді .Сөз мәнісі меңзеу .Сондай сынай көз тастаған әйелдерді көргенде ішкен асым бойыма батпайды,таң күлімдеп маған жылы шуақпен атпайды.Қараңғылық көкірегімді қаптайды.Меңгіріп кетем пана таппай,-деген жарына Тана қадала қарап:

  -Бала керек...ұрпақсыз кімбіз,дегеніңді жүрегімде сақтаймын .Қалаң ноғайдан таңдап алған сұлуым,жанымдағы жылуым,адамның қолында болса қайтсемде тартып алар едім .Аллаһтың ісіне қайран қылар шамам жоқ,әттең,әттең...
  -Хан ием бөтен ойым менде жоқ,жақсылығыңды халқың ұмытпас.Тірлігіңде есіміңе шаң жуытпас.Жұртыңның биік тауы едің,сүйенісіп күн көрді ел .Үмітін әсте үзбедің,жетім-жесірді жарылқадың,көзінің жасын көрсетпей .Болмысыңнан кемдігің жоқ ер едің,мерейі едің көптің де !Бір-біріңмен тілектес боп жүргендер де ұрпағыңның жоқтығына аяр көзбен қарайды .Соны сезіп қорланам .Қайратың қайтса,бағың тайса жаныңда жүргендердің өзі : «Мақсатсыз өмір сүргендей болдың ба?»деп бетіңе басудан тайынбас .Жас баланы көргенде босайды көңілім қайтейін .Іскендірді мысалдап айтқаным ойлансын дедім хан иеме,-деген әйел сөзін ұғынып,мойындады .Хан мұңданса да Ордасына кетті .Әйелі күміс кебісін киіп соңынан көз тастады .Алтын таяғын сүйеніш етіп кеткен хан не ойлап барады.Мұң-шері қозғалды...
  Орда күзетшісіне мойынын бұрған Тана:

  -Билерді түгел шақыр?-деп әмір етті.Билер жиналды.Ойлары әртүрлі.Хан ноғайлының байтақ елінің болашақ тағдырына сыпа басы жауапты еместігін айтты да: «Бесікте белім бүгіліп еді,періштелер жүзіме үңіліп еді.Түн ұйқысын төрт бөлген анам жұлдызым деп жұлынын босатып,жүрегі езіліп еді.Ұл туғаныма мақтанам деп шаршап барып көз іліп еді.Бәріңді де аналарың солай әлпештеді,-деп билерге сынай көз тастады.

  -Жауға кегің кеткен жоқ,хан ием.

  -Елің аман,жұртың тыныш.Ел қорғайтын ерлерің алды тыныс. 

  -Кейін кім болады?-деді Тана ойын жұмбақтап: «Қырықтың шықтым қырқасына,соңыма қараймын жалтақтап.Жақсы,жаманды көрдім,мұңсыз пенде жоқ...ата мұраны ойласа кім мұңаймайды...Халқымның алдында кішімін,орынтақта ханмын.Уақыты келгенде кетеміз,ертең не боларын білмей таңмын.Мен де өздеріңдей ет пен сүйектен жаралған жанмын...
  -Хан сөзіңнің төркіні,әрбір мақұлықтың да баласы бар,сол үшін қажет болса жанын пида етеді,дегенін түсініңдер,-деді бас биі.

  -Күміс би дұрыс айтасың,неше асыл патшалар бала көрмей зарлаумен жүріп,Аллаһтан бала тілеп әулие басына барып түнеген.Баба түкті шашты Әзіз артық туған пір бар-ды.Аңшыбай ханның жұртында осыдан үш күншілік жер,-деді.

  Тана батыр билер сөзін мақұлдап жаяулап жүріп әулие басына барған-ды.Жанына үш серікті ерітіп алған-ды.Аллаһқа сыйынып,әулиге құран бағыштады.Содан тәтті ұйқыға берілді,таң бозарып атқанда Баба түкті шашты Әзіз аян берді. «Тұр еліңе қайт,ұлың болады,есімін Нәрік қой,батыр болар,хан болар,таланынан көреді!» дегенді құлағымен естіп,әулиенің бейнесін көргендей қуанғаннан кең далада өкпесі өшкенше жүгірді,-дейді . Ұлы болады,енді қару,жарағын асынып өзі жоқта,қарттар мен балаларды қырып кеткен  қызылбасының ханының басын алады.Сарбаздарын бұл жорыққа қинамайды,өзі-ақ жауын жайпайды.Қантөгістік емес,жекпе-жекке шақырады.Көз ашуы емес,кек ашуын ұлы дүниеге келгенше қайтарады.Қаскүнем ханды өзен бойында жайратса...(Бәлкім Украин жеріндегі Танаис өзені Тана батырдың есіміне қатысы бар ма?Тана-ис грек сөзінің жалғауы емес пе?) Көзсіз ерлік талай халықты түрлі кесапаттан құтқарған да болар .Тана батыр қақындардағы аңыздарда.Әмет батыр,Алау батыр,Нәрік батыр дейсің бе,бәрі де тегіне ұқсайды...Арада мұншама жылдар,ғасырлар өтті .Нешеме жеті аталар аталып кетті .Бірақ,батыр қазақ мүлгіген жоқ,елін,жерін қорғай білді .Жатқа салдырған Тана қаласы Азов теңізінің жағасында мызғыр емес .Бөліске түскен мүлік қалды...Әйтеуір,Тана есімі ұлт қажетіне жарай ма?..Әңгіме онда емес...Мақсат тарихымызды түгендеу ғана.Біздің ғасырымызға дейін ер жүрек батырлар еңселі жұмыр жерді игеріп,мемлекет құруда тарихта өшпес есімін қалдырған.Оған дәлел де,дерек те жетерлік екенін Жұмажан Байжуминнің «История рождения,жизни и смерти пастухи Авеля кітабының 228-ші бетінде балай деп жазылған: « Кочевники Дана (Тана),Дану (Тану) ,(Таны) во второй половине 1 тыс.до н.э.-начале 1 тыс. н. э .активно участовали в создании реннегосударственных оброзованний Кореи и Японии .Тану,это один из крупнейших родов-тувинцев ,Южной Сибири , и данное родоплеменное наименование в прошлом являлосб общим этнонимом тувинцов ...Тана казахов Младщеего жуза и один носячих аналогичное назмание Туркменских родов,-десе тарих тереңіне үңілген сайын жүрекке жазған жазудай талай батырлар өмірі бүгінгі тарихымызды байыта түседі.Кеңестік зәлім саясат ,қуғын ,сүргін,қанды қырғыны ұлтымызға аса қауіп төндіргенін біліп, жақсылығы болып еді деуге ауыз бармайды. Әлі талай батырлар есімі қағазға түсіп айдай әлемге таныла түсер.Рух мықтылығы тарихынан бастау алар ,-деп бабалар рухын жасытқан жоқ ,тегінен жаңылған жоқҰл жадында болаттан да беріктік бар...Сталиндік қырғынның тектілікке балта шабу әрекетін нағыз қанқұйлылық демей көр.
                                 *  *  *
  Сол Танадан тараған ұрпақ не күйде? Патша заманында қазақ жерін отарлу мақсатында жүздеген рулардың есебін шығарып,көп рулы елді азғырып,аз рулы әлсіздерді езіп,жаншуды ойластырды. 1891 жылғы есепте-Тана руында -25 мың адам екен.Адай-80-90 мыңға жетіпті. (Памятная книжка Астарханский губернии на 1891 год.СП.1904- тетрадь 2.-с.42-43).Басқа рулар да осы деңгейде .Ресей империясының 1897 жылғы адам санағында қазақтар саны-3,4 миллион деп көрсетілгені және бар .Ал,1947 жылғы ( стат.Л.41 об).есепте Тана-6405 адам ғана.Ең көп адай-7515 адам.(СМ.ЦГА.РК.Ф.78.Оп 2.Д.8.Л.41.об).Ұрпақтың өсуі орнына құлдырап кетуі 1921 жылы басталған аштық қырғыны емес деп кім таласады .Батырлықтың,ұлылықтың тұқымын құртып тектілікті жоюдың құпия қастандығы емес деп кім таласады .Сонау бірінші ғасырда өркен жайған кердері мемлекеті,Азов теңізіне дейін барып қала салған Тана батырдың және әлемге мәшһүр болған қазақтың көптеген батырлары,шешендері,ақындарының тұқымын жуадай солдырған Кеңес заманындағы солақай саясаттың қырсығының жұмбағы жетерлік .Жатқа табанын тигізбеген,дүлейге кеудесін бастырмаған,өзгеге өзі барып ұрынбаған,ұрынғанын оңдырмаған бабалар рухы жүдеушіліктен арылды ма? Арылған жоқ, кесапат ұлттың тазалық кескін-келбетін жүдетті.Қазақ қысылғанда қызын сатса да жерін сатпай мықтылығын танытып байтақ даланы бүгінге жеткізгенге шүкір дейсің.Аштық қырғыны ұрпақ сапасының тамырынан қырқып құл бол десең құл болуға,жын бол десе жын болуға,кесер кеңірдек үшін,тірі қалуы үшін көжеге сатылды,орынтақтағыға жағынды,табынды,кеңесшілдің туын көтеріп жалбарынды, үрей алдында дірдең қағып,әлсіз,сатқын,жағымпаз,өзімшіл,есалаң,ішмерез,тексізді көбейтіп кетті .Кейде арғы аталарымыз батыр,шешен,ақын еді,деп айтуға есалаңды көргенде ұялып қаламыз.Бесік тәрбиесі өзгерді.Қаладағы Қияқбай да емес,ауылдағы Сияқбай да емес,әрі-сәрілер жаңа ғасырға талтаңдап жетті,ақшам бар қалтамда деген мәздік пайда болды.Батырлардың соңғы буыны Рахымжан,Талғат,Бауыржан,Әлия,Мәншүктер болғаны ма?Олар бабалар ту тіккен жерде өзінің басын имейтіндігін әлемге танытып дүниежүзілік екінші соғыста  Мен Қазақпын!- дей білді.Ал,кейбіріміз бүгінде отарлық езгіден әлсіреп шырт етіп үзілетін шірік жіптей боп бара жатқанымызды түсінбей,жаны күйіп күрсінбей не қазақша,не орысша ойлай алмай тән-тәнай боп күй кешіп жатырмыз...Қазақ тілінің уызына жарымағандар Қыпшақ тілінің  Х111 ғасырдағы ескерткіші Куманикусте «Сері» (шері) әскер мағынасында қолданғандығын ұғатын кім бар?-деп құлақ шері қанар емес...Тарихты түгендеудің аса жауапты,өте-мөте қиындығы-ай...


Табыл Құлыяс, жазушы

 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға