Тамызда кейбір өңірлерде жылдық инфляция баяулады

Тамызда жылдық инфляция 8 өңірде баяулады, 8 өңірде қарқын алып, 4 өңірде өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық банктің мәліметінше, шілдемен (8,6%) салыстырғанда баяулап, 8,4%-ды құрады. Ең жоғарғы мәні Астана қаласында және Маңғыстау облысында тіркелді.
Тамызда азық-түлік тауарларының бағасы бұрынғы 5,5% деңгейінде қалды (шілдеде – 5,5%). Осы топтағы тауарлардың бағасы Алматы қаласында (8,3%) – максималды, ал Түркістан облысында (3,0%) минималды өсімді көрсетті, - деп жазылған хабарламада.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны 7,7%-ға дейін жеделдеді (шілдеде – 7,3%). Ең жоғарғы мән Маңғыстау облысында (13,0%), ең төменгі мән Алматы облысында (5,4%) тіркелді.
Тамызда ақылы көрсетілетін қызмет бағасы 13,6%-ға дейін төмендеді (шілдеде –14,5%).
