Жаңалықтар

«Тамырын кесіп жіберген». Абай облысында ана мен бала өліміне қатысты тың дерек шықты

«Тамырын кесіп жіберген». Абай облысында ана мен бала өліміне қатысты тың дерек шықты
Фото: коллаж El.kz 04.03.2025 13:37 515

Абай облысында ана мен бала өлімінен кейін дәрігерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Себебі Үржар ауданындағы перзентханада 34 жастағы келіншек пен ішіндегі шақалақтың өмірі қиылды. Қазір медициналық сараптама қортындысын алған марқұмның туыстары әділдік талап етіп отыр.

Жолдасым мен сәбиімнің өліміне қатысты сараптама қортындысы шықты. Осы аурухана дәрігерлерінің кінәсі болып отыр. Жолдасымның тамырын кесіп жіберген. Жолдасымның денсаулығында ешбір кінәрат болмаған. Осы дәрігерлер заң алдында жаппай жазасын алса деймін, - дейді марқұмның жолдасы Ұлан Балапанов.

Қайғылы жағдай 30 қаңтарда болған. Төртінші баласын босануға кеткен Гүлнәр Қайратқызының ауруханадан мәйіті шықты. Ана мен бала өлімінінен кейін ауданның бас дәрігері қатаң сөгіс алып, оның екі орынбасары қызметінен қуылған. Ал медициналық сараптама әйелдің ішіне қан кетіп көз жұмғанын анықтаған. Енді полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Үржар ауданының полиция бөлімі медицина қызметкерлерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сотқа дейінгі тергеудің толықтығы мен жан-жақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған тергеу жүргізілуде. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Соның нәтижесімен заңды процессуал шешім қабылданады, - дейді Абай облысы ПД тергеу басқармасының бастығы Сұңғат Әділбеков.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға