Тамара Дүйсенова премьер-министрдің орынбасары болды

Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ
08.06.2023 10:20
1179
Қазақстан премьер-министрінің орынбасары лауазымына Тамара Дүйсенова тағайындалды. Мәжіліс оның кандидатурасын мақұлдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, - делінген мәліметте.
Ал бұған дейін осы қызметті атқарып келген Алтай Көлгінов Мемлекет басшысының жарлығымен лауазымнан босатылған еді. Көлгінов вице-премьер қызметін 2022 жылғы желтоқсаннан бастап атқарып келді. Оған дейін Астана қаласының және Батыс Қазақстан облысының әкімі болды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Брендтік өнімдерді қолдан жасайтындар жазаланады
Келесі жаңалық
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар басталды