Тамара Дүйсенова жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына келді
Министр ҮЕҰ және ардагерлер кеңесінің өкілдерімен, көпбалалы аналармен және мүгедектігі бар адамдармен, сондай-ақ өңір активімен кездесулер өткізеді
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
12.08.2022 11:13
959
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына келді, деп хабарлайды El.kz.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі оңтүстік өңірлерден көшіп келген қазақстандықтармен кездесіп, олардың өмір сүру жағдайымен танысады. Тамара Дүйсенова СҚО кәсіпкерлерімен жұмыспен қамту және еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету мәселелерін талқылауды жоспарлап отыр. Жастармен кездесуде министр мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып береді.
Сонымен қатар, министр ҮЕҰ және ардагерлер кеңесінің өкілдерімен, көпбалалы аналармен және мүгедектігі бар адамдармен, сондай-ақ өңір активімен кездесулер өткізеді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Елордада 235 мың адам сиятын жаңа мешіт ашылды
Келесі жаңалық
Таразда пластикалық бұйымдар шығаратын цехта өрт болды