Тамағын тіліп жіберген: Талдықорғанда ер адам бұрынғы сүйіктісіне кеңсе пышағымен шабуылдады
Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
03.11.2023 11:55
6401
Талдықорған полицейлері қызға кеңсе пышағымен шабуыл жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
35 жастағы ер адам жәбірленушінің бұрынғы жігіті болып шықты. Пышақпен шабуылдаған жігіт бойжеткеннің тамағын тіліп жіберген. Зардап шеккен қызға медициналық көмек көрсетілді. Ал ер адам ол полицияға жеткізілген.
Тергеуші істі ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 2-бөлігі (адам өлтіруге оқталу) бойынша қайта дәрежелеп, прокурормен келісілді. Тергеуді облыстық Полиция департаменті ерекше бақылауға алды, - делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Кеңсай зиратындағы халық әртістерінің қабірін тонап кеткен