Талғардағы оқиға: Ұлттық ұлан әскері қоғамдық тәртіпті қадағалауға жұмылдырылды

Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ
13.10.2024 23:27
859
ІІМ Ұлттық ұлан әскери бөлімінің жеке құрамы Алматы облысы Талғардағы қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қадағалауға жұмылдырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өткізілетін іс-шаралар қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған. Азаматтардан әскерилердің міндетіне түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген Ұлттық ұлан хабарламасында.
Еске салсақ, 4 қазан күні Талғарда 16 жасар Шерзат Болат бұзақылардың қолынан қаза тапты. Ал 12 қазанға қараған түні марқұм жасөспірім тұрған үйді әлдекімдер өртеп кетті.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазақстандық дзюдошылар Абу-Дабиден 3 қола жүлдемен қайтты
Келесі жаңалық
Алдағы аптада спортшыларымыз қандай жарыстарда бақ сынайды